AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қалдықтарды шығаруды бақылаудың бірыңғай...

Алматыда қалдықтарды шығаруды бақылаудың бірыңғай жүйесі енгізілуде

Әлеумет 28.05.2026, 14:24 186 yakiya
Алматыда қалдықтарды шығаруды бақылаудың бірыңғай жүйесі енгізілуде
Алматы әкімдігі

Алматыда қалдықтарды шығаруды бақылаудың бірыңғай жүйесі енгізілуде, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және экологиялық бақылауды күшейту жұмыстары жалғасуда.

Eco Almaty мамандарының мәліметінше, қазіргі таңда қоқыс шығару ұйымдары қызмет көрсететін 100 мыңнан астам нысан толыққанды цифрлық бақылаусыз жұмыс істейді. Сонымен қатар тариф құрамында қарастырылған қалдықтарды сұрыптауға арналған қаражат қайта өңдеу жүйесіне әрдайым толық көлемде жетпейді. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мен арнайы техникалардың тозуы да өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Жүйені ретке келтіру мақсатында «Бір аумақ — бір қоқыс шығаратын ұйымы» қағидатын енгізу ұсынылуда. Бұл талаптар халыққа, тұрғын үй кешендеріне, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге бірдей қолданылады.

Сонымен қатар қалада қалдықтарды тасымалдауды бақылаудың бірыңғай жүйесі енгізілуде. Қазіргі уақытта ресми қоқыс шығару ұйымдарының арнайы техникасының 94%-ы GPS-платформаға қосылған. Жүйе 20 маусымға дейін толық іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Мамандардың айтуынша, бұл арнайы техниканың қозғалысын онлайн режимде бақылауға, қалдықтарды шығару үдерісін қадағалауға және экологиялық талаптардың бұзылуын анықтауға мүмкіндік береді.

Полигондардың жұмысының ашықтығына да ерекше назар аударылуда. Қалада қалдықтарды тоннамен есепке алу жүйесіне толық көшу, полигондарды Бірыңғай мониторинг платформасына қосу және толыққанды сұрыптау желілерін құру жоспарланған.

Бұдан бөлек, былтыр көлемі 500 мың тоннадан асқан құрылыс қалдықтарын реттеу жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты мердігер және құрылыс ұйымдарының арнайы техникаларына міндетті GPS-трекерлер орнату, сондай-ақ құрылыс қалдықтарын орналастыру және қайта өңдеуге арналған арнайы полигон құру ұсынылуда.

Жыл соңына дейін Алматыда Көріктендіру қағидалары мен Қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын жаңарту, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс істеудің Бірыңғай диспетчерлік орталығын құру жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қалдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);