Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қалалық маршруттар үшін 100 мектеп автобу...

Алматыда қалалық маршруттар үшін 100 мектеп автобусы мен 100 автобус іске қосылады

Әлеумет 09.08.2023, 11:10 1,148
Алматыда қалалық маршруттар үшін 100 мектеп автобусы мен 100 автобус іске қосылады
almaty-akshamy.kz

Алматыда алғаш рет мектеп жасындағы балаларды тұрғылықты жерінен оқу орнына және кері қарай тегін тасымалдау үшін мектеп автобустарын ұсыну бойынша ауқымды жоба енгізілуде, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Жоба бастауыш сынып оқушыларына және мектептен алыс тұратын оқушыларға арналған. Осы мақсатта коммуналдық автопарк Алматы қаласының білім басқармасымен бірлесіп 100 мектеп автобусын сатып алды. Бұл автобустар халықаралық қауіпсіздік стандарттарына және техникалық талаптарға сәйкес және көліктерде мыналар қарастырлған: апат кезінде шығу, қауіпсіздік белдіктері, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пандус, өрт қауіпсіздігі жүйесі және т.б. Балаларды тасымалдау ілеспе педагогтың қатысуымен және балаларды тасымалдаудың әзірленген ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.



Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбектің айтуынша, мектеп автобустары бойынша жаңа жобаның бастамашысы - Алматы қаласының әкімі. «Бірқатар мемлекеттік мектептер үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап іске қосылатын мектеп автобустарымен қамтылатын болады. 20 жергілікті автобустар  тар жолды тауларға қатынайтын болады. Мектептер қазірдің өзінде бағыттарды, балаларды отырғызу уақытын, аялдамалар санын әзірледі. 1 балаға бір орын бөлінеді, тұрақты орын болмайды. Балалардың қауіпсіздігіне мектеп қызметкерлері жауап береді, олар балаларды үйден мектепке, мектептен үйге ертіп барады», – деді ол.




Еске салсақ, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2022 жылы «Мектеп автобусы» жобасы алғаш рет №205 мектепте пилоттық режимде іске асты.


Жобаны іске асыру мынадай мақсаттарды  қамтамасыз етуге арналған:


- оқушылардың қауіпсіздік деңгейін арттыру (таксиді өз бетінше пайдаланудан, автобуста өз бетімен жүруден бас тарту);


- балаларды оқу орнына дейін жеткізу қажеттілігі бөлігінде ата-аналарды «түсіру»;


- қарбалас уақытта жол қозғалысы шиеленісінің төмендеуі.


Сонымен қатар, қалалық автопарктердің жылжымалы бірліктерін жаңарту мақсатында Алматыға қалалық маршруттар үшін газбен жүретін 100  автобус жеткізілді. Бұлар – он және он сегіз метрлік автобустар. 


Алматыэлектротанс ЖШС пайдалану бөлімінің бастығы Исахан Иманбековтың айтуынша, он метрлік автобустар «таза» қаланы дамыту тұжырымдамасы аясында дизельді автобустарды алмастырады. «Олар №24, №125 және №131 маршруттарда қолданылады. Он сегіз метрлік «гармошкалар» №38, №38а және №37 магистральдық маршруттардың автобустарын ауыстырады», – деді ол.



Аталған автобустар желісіне шығу холдингтің техникалық мамандары «Оңай» жабдығын монтаждау және қалалық көлік базасына енгізу бойынша жүргізілетін болады.


Айта кетерлігі, 2023 жылдың соңына дейін газбен жүретін 500 жаңа  автобус жеткізіледі деп күтілуде.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #оқушы #автобус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.