AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда қала аумағын кеміргіштерден қорғау мақсат...

Алматыда қала аумағын кеміргіштерден қорғау мақсатында санитарлық жұмыстар жалғасып жатыр

Барлығы 20.10.2025, 15:35 585 Сұлу
Алматыда қала аумағын кеміргіштерден қорғау мақсатында санитарлық жұмыстар жалғасып жатыр
Алматы әкімдігі

Алматыда кеміргіштердің саны мен таралуын азайтуға бағытталған кешенді санитарлық жұмыс қолға алынды. Бұл қаланың сегіз ауданының барлық аумағын қамтып, тұрғындардың денсаулығы мен тұрмыс жайлылығы үшін санитарлық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Бұл туралы Қоғамдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы хабарлады.

"ЭКО Сервис Алматы" және "Ala Comfort" компанияларының мәліметінше, бүгінге дейін 47 мың гектардан астам аумақ дәріленді, 138 мыңнан аса тұрғын үй нысаны тұрақты бақылауда тұр. Жұмысқа күн сайын төрт маманнан тұратын 10 мобильді топ қатысады.

Дератизация жоспарға сәйкес, санитарлық талапты сақтай отырып, жыл бойы жүйелі түрде жүргізіледі. Қолданылатын барлық препарат санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өткен, адам, үй жануарлары мен қоршаған орта үшін қауіпсіз.

Дәрілеу жұмысы жертөлелерде, контейнер алаңдарында, инженерлік құдықтарда және кеміргіштер жиі шоғырланатын табиғи аумақтарда жүргізіліп жатыр. Препараттардың әсер ету мерзімі – жеті күн. Осыдан кейін мамандар тексеріс жүргізіп, қажет болған жағдайда жем шашады.

Жеке сектор тұрғындары үшін аула аумақтарын өздігінен дәрілеуге арналған тиімді құралдар тегін беріледі.

Мамандардың айтуынша, кеміргіштердің күз маусымында белсенді бола түседі. Сондықтан тұрғындарға: қоқысты контейнерден тыс қалдырмау, жертөлелерді таза ұстау, кеміргіштердің көбеюіне жол бермеу сынды санитарлық тәртіпті сақтаудың маңызы еске салынады.

"ЭКО Сервис Алматы" компаниясы өкілдері атап өткендей, дератизация – бір реттік науқан емес, үздіксіз атқарылатын санитарлық жұмыс. Бұл үдеріс коммуналдық қызметтердің ғана емес, қала тұрғындарының да бірлескен жауапкершілігін талап етеді. Негізгі мақсат – Алматыны таза, қауіпсіз әрі жайлы ету.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #санитария #Кеміргіш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);