ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда ҚАЖ жүйесіндегі жемқорлықтың алдын алу та...

Алматыда ҚАЖ жүйесіндегі жемқорлықтың алдын алу талқыланды

Заң мен тəртіп 12.03.2025, 17:34 619
Алматыда ҚАЖ жүйесіндегі жемқорлықтың алдын алу талқыланды
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Заң және тәртіп» бастамасы аясында Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) №13 мекемесінде семинар-кеңес...

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Заң және тәртіп» бастамасы аясында Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) №13 мекемесінде семинар-кеңес өткізді. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды. Жиынның басты мақсаты – қылмыстық-атқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның тәуекелдерін азайту болды.

Семинарға түзеу мекемесінің қызметкерлері, қадағалау қызметінің өкілдері және 200-ден астам сотталған азамат қатысты. Іс-шара барысында қылмыстық-атқару жүйесіндегі ашықтықты қамтамасыз ету, заң талаптарының сақталуын күшейту және сотталғандарды қайта тәрбиелеу шараларының тиімділігі талқыланды.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу басқармасының басшысы Қанат Салимбаев негізгі баяндама жасап, құқықтық мемлекеттің дамуында заңдылық пен ашықтықтың маңыздылығын атап өтті. Ол қызметкерлер мен сотталғандардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен аулақ болуы қажеттігін, бұл үшін қоғамдық және ішкі бақылау тетіктерін күшейту керектігін айтты.

Кездесу барысында қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің әдеп қағидаларын сақтауына және қызметтік міндеттерін адал орындауына ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, сотталғандардың құқығын қорғау мәселесі көтеріліп, олар өздерінің қамауда ұсталуы заң талаптарына сәйкес екенін және түзеу мекемесі қызметкерлерінің іс-әрекетіне шағымдары жоқ екенін жеткізді. Сонымен қатар, кейбір сотталғандар жазаны жеңілдету мәселесінде сот шешімдерінің әртүрлілігіне алаңдаушылық білдірді.

Қанат Салимбаев сотталғандарға сыбайлас жемқорлық жағдайларымен бетпе-бет келген кезде қандай әрекет жасау керектігін түсіндіріп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгіну жолдарын баяндады. Сондай-ақ, алдын алу шаралары аясында сотталғандарға қылмыстың салдары мен оның алдын алу тақырыбында әлеуметтік бейнероликтер дайындауға қатысу ұсынылды.

Бұл іс-шара құқықтық тәртіпті нығайтуға және халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі болып табылады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.