конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Пушкин көшесінің бір бөлігі жүргіншілер б...

Алматыда Пушкин көшесінің бір бөлігі жүргіншілер бульварына айналды

Барлығы 16.01.2026, 17:38 730
Алматыда Пушкин көшесінің бір бөлігі жүргіншілер бульварына айналды
Алматы әкімдігі

Алматыда Пушкин көшесі бойындағы аумақты ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба аумағы Райымбек даңғылынан Гоголь көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кеңістік серуендеуге, демалуға және қала орталығының тынысын сезінуге қолайлы, заманауи қалалық дәлізге айналуда. Мұнда жай ғана жаңартылған тротуар емес, ойластырылған жарықтандыру жүйесі, автоматты суару тетігі және кедергісіз орта қарастырылған толыққанды жасыл көше қалыптасып келеді. Мұны туралы Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мамандары айтты.

Жобада көгалдандыруға ерекше мән берілген. Көше бойына шамамен 300 ағаш пен 8 мыңға жуық бұта отырғызылған. Көгалдандыру кезінде Германиядағы тәлімбақтан әкелінген Фриман үйеңкісі, төзімді шегіршін, ірі жапырақты паллида, сондай-ақ Түркиядан жеткізілген гинкго билоба пайдаланылды. Гинкго ағашы Алматыда алғаш рет отырғызылып, қалалық ландшафттың жаңа әрі айшықты элементіне айналмақ. Жасыл қабатты көкжалбыз, ақ сәнтал «Элегантиссима», ругоза раушаны, қылтанбас, жапон тобылғысы мен көпіршік толықтырып, жыл бойы түрлі реңк пен көркемдік береді.

Сонымен қатар жабындар жаңартылып, жаңа көше жарығы орнатылуда, тас төсеу және су бұру жүйесін жасау жұмысы қолға алынған. Қазіргі таңда ескірген тротуарлар мен троллейбус желілері толығымен алынып, кабельдік желілердің негізгі магистральдары тартылды, автоматты суару жүйесінің басым бөлігі мен жарықтандыру тіректері орнатылды. Резервуар құрылысы аяқталуға жақын, жүргіншілер инфрақұрылымын қалыптастыру және көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жаңартылып жатқан аумақтың ұзындығы — 1,1 шақырым, жалпы көлемі — 6,5 гектар. Нысанның дайындық деңгейі шамамен 80 пайызға жетті. Барлық жұмыс аяқталған соң Пушкин көшесі Алматының тарихи орталығын жаңа қырынан танытатын, көлеңкесі мен жасыл желегі мол, тұрғындар мен қала қонақтарына жайлы серуен бағытына айналады. Көріктендіру жұмыстары белгіленген кестеге сай жалғасып, заманауи әрі қолайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Пушкин көшесі #бульвар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 17:49

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);