ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда профессор Абдулла Сапаровтың құрметіне ес...

Алматыда профессор Абдулла Сапаровтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

Өмір-өзен 07.11.2021, 07:50 1,798
Алматыда профессор Абдулла Сапаровтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды
Cурет: М. Байділдә
Агрохимия алыбына – ескерткіш тақта

Агрохимия алыбына – ескерткіш тақта    


Қазақ Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының қабырғасына осы ғылыми-зерттеу мекемесін 17 жыл басқарған көрнекті ғалым, ҰҒА академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, марқұм Абдулла Сапарұлы Сапаровтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды. Бұл туралы журналист Марат Байділдәұлы facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Тақтаның ашылу лентасын академик Ғани Қалиев, агроуниверситет проректоры Есенбай Исламов қиды.    


Салтанатта сөз алушылар Абдулла Сапарұлының ғылымдағы жемісті еңбек жолы туралы баяндады. 2003 жылы ғылыми-зерттеу мекемесі қаржы тапшылығынан тұралап, жабылуға шақ қалған тұста басшылыққа келген Абдулла Сапарұлы өзінің іскерлігінің, істің ығын таба білетін ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында институтты дағдарысты ахуалдан алып шықты. Басқаруға алған кезінде өндірістің бірнеше миллион теңге қарызы болған болса, 10 айдың ішінде, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізудің арқасында 45 миллион тенге табыс кіргізген. 


Ол қысқа  мерзімде топырақ ресурстары мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мен топырақтың құнарлылығын басқару жүйесінің үйлестірушісіне, топырақтану және агрохимия ғылымдары дамуының ұйымдастырушысына әрі бас менеджеріне айналды. Шетелдік инвесторлар тарта білді. «Орталық Азияның құрғақ жерлеріндегі экожүйеге климаттың өзгеруінің әсерін зерттеу» тақырыбы бойынша Қазақстан – Қытай халықаралық жобасының тең жетекшісінің бірі болды. 



Ғалым ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жерлерді тиімді пайдалану және топырақтың құнарлылығын арттырудың негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыру және өндіріске жаңа инновациялық технологияларды ендіру проблемаларымен жемісті айналысты. А.Сапаровтың жетекшілігімен аграрлық білім беру және ғылым аясында қызмет атқарып жүрген жетекші мамандардың 7 кандидаттық, 5 докторлық және 10 магистрлік, 2 РhD докторлық диссертациясы қорғалды. Ол замандастары арасында «Агрохимия саласының алыбы» атанды,-деп жазды ол.



Академик А.Сапаровтың 500-ге жуық ғылыми жұмысы жарияланған. Оның ішінде 20 монография, кітап пен оқу құралы, 25 өндірістік ұсыныс, 15 инновациялық патент, 8 авторлық куәлік, 3 авторлық құқығы бар.


Абдулла Сапаров ғылыми-өндірістік, педагогикалық қызметімен бірге қоғамдық жұмыстарға көп көңіл бөлетін. Ол 15 жылдай жергілікті органдардың халық депутаттарының бес шақырылымында депутаттыққа сайланғаны тағы бар. Екеуміз түйдес құрдас әрі дос едік. Өзінің қарапайым, жанашыр мінезімен айналасындағылардың жүрегін жаулап алатын. Ой-жоспарларымен бөлісіп, алдына биік мақсаттар қоятын.


Әбекең жұбайы Ұлбүбі екеуі үш перзент тәрбиелеп өсірді. Салтанатты жиында жұртшылыққа Абдулла Сапаров туралы деректі фильм ұсынылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.