AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Президенттік дене шынықтыру тестілеріне 1...

Алматыда Президенттік дене шынықтыру тестілеріне 1000-нан астам адам қатысты

Алматы Бүгін 18:04 49 yakiya
Алматыда Президенттік дене шынықтыру тестілеріне 1000-нан астам адам қатысты
Алматы әкімдігі

14 маусым күні Алматыдағы Орталық стадионның қосалқы алаңында Қазақстан Республикасы халқының Президенттік дене шынықтыру сынақтары өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ауқымды спорттық шараға мектеп оқушыларынан бастап аға буын өкілдеріне дейінгі 1000-нан астам қала тұрғыны қатысты.

Президенттік сынақтар – азаматтардың дене дайындығы деңгейін анықтауға арналған мемлекеттік нормативтер жүйесі. Оларды өткізу бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және халықты тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысуға ынталандыруға бағытталған.

Сынақ барысында қатысушылар әртүрлі қашықтыққа жүгіру, кермеге тартылу, орнынан ұзындыққа секіру және басқа да спорт түрлері бойынша белгіленген нормативтерді орындады. Көптеген алматылық үшін бұл шара өздерінің дене мүмкіндіктерін сынап көруге, дайындық деңгейін бағалауға және нәтижелерін бекітілген нормативтермен салыстыруға мүмкіндік берді.

Сынақ қорытындысы бойынша ұлдар, қыздар, ерлер және әйелдер арасында 20-дан астам жас санаты бойынша үздік қатысушылар анықталды. Жоғары нәтиже көрсеткендердің қатарында 14–15 жас санатында 20 рет тартылған Нұрғазы Дамир, 24–31 жас санатында 34 рет тартылған Изиғазинов Нұрбол, 100 метр қашықтықты 10,73 секундта жүгіріп өткен Мұратқалиев Дональд және 1000 метрге жүгіруде 3 минут 14 секунд нәтиже көрсеткен Халықбай Дидар бар. Қыздар арасында орнынан ұзындыққа секіруде Виталина Цехоцкая мен Ева Қадырова үздік атанды.

Президенттік сынақтарды өткізу жыл сайын мыңдаған қазақстандықтың басын қосып, спорт пен дене белсенділігін халық арасында кеңінен насихаттаудың маңызды құралдарының бірі болып қала береді. Мұндай іс-шаралар салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастырып, тұрғындарды спортпен жүйелі түрде айналысуға тартуға қосымша мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дене шынықтыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жұмабаев көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 18:06

Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды

Бүгін 17:43

Алматыда әскери қызметшілерге құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету акциясы өтті

Бүгін 17:38

Алматы әкімі денсаулық сақтау саласын дамыту және құрылыс жобаларының орындалу барысын бақылауға алды

Бүгін 16:47

«СӘТТЕР»: Елена Каркавинаның жеке көрмесі

Бүгін 16:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);