Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда полиция күніне арналған концерт өтті

Алматыда полиция күніне арналған концерт өтті

Әлеумет 21.06.2024, 18:10 639
Алматыда полиция күніне арналған концерт өтті
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Курсанттан генералға дейін: Алматыда алғаш рет полицейдің өмірі туралы мюзикл сахналанды

Almaty Theatre-да ішкі істер органдар ардагерлеріне, полиция қызметкерлерінің қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқандардың туыстарына, қалалық полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамына арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындағаннан кейін концерттің шымылдығы ІІД оркестрінің орындауындағы «Гүл Алматым» композициясы және «Сармат» балалар ұжымы мен «Салтанат» би ансамблінің хореографиялық қойылымымен ашылды.

Алғаш рет тәртіп сақшыларының күшімен ІІМ Академиясының курсантынан генералға дейін бір полицейдің даму тарихын сомдаумен мюзикл ұйымдастырылды. Сондай-ақ, көрермендерге театр нөмірлері бар мерекелік бағдарлама ұсынылды.

Алматы өзінің ерекше әрі қайталанбас келбетін сақтап қана қоймай, жыл санап дамып, өркендеп келеді. Қаланың жетістігіне, құқық тәртібін қамтамасыз етуге және қылмысқа қарсы күреске Алматы полицейлері де лайықты үлес қосып отыр. 

«Бүгінде Алматы полициясы қылмысқа қарсы шабуылдық күресті жүзеге асыру, құқықтық тәртіпті нығайту және қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдай мен мүмкіндіктерге ие. Қазақстанның тәртіп сақшылары – мемлекет пен тұрғындардың қауіпсіздігінің кепілі. Біз қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасай отырып, Отан алдындағы қызметтік борышын адал атқаратын полиция қызметкерлерімен мақтанамыз», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров. 

Сондай-ақ, концертке «Дос-Мұқасан» ансамблі, Төреғали Төреәлі, Мәди Ахметқожа, Әл-Насыр қатысты. Мереке «Абырой» тобының орындауындағы «Рух» патриоттық әнімен аяқталды. 

Бүгінде қазақстандық полицейлер ішкі істер органдарының құрылғанына 32 жыл толуын атап өтіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полицейлер күні #Мюзикл #Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Бүгін 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Бүгін 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Бүгін 17:41

Алматы жаңа IT-көшбасшылар буынын қалыптастырып жатыр: BilimHack–2026

Бүгін 17:25

Ауа райы болжамы: елордада аяз, Алматыда күн жылынады

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.