AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда полицейлер телефон ұрлығына қарсы жедел ш...

Алматыда полицейлер телефон ұрлығына қарсы жедел шаралар жүргізді

Заң мен тəртіп 23.10.2025, 17:55 637 dulatbekova
Алматыда полицейлер телефон ұрлығына қарсы жедел шаралар жүргізді
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласында "Құқықтық тәртіп" кең ауқымды республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр.

Оның аясында полицияның жедел бөлімшелері бөтеннің мүлкін, соның ішінде ұялы телефондар мен басқа да гаджеттерді ұрлаудың алдын алу және ашуға бағытталған "Ұялы телефон" атты мақсатты іс-шара жүргізуде, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаевтың айтуынша, бұл шараның басты мақсаты – қалта ұрлығының жолын кесу, ұрланған құрылғыларды өткізумен айналысатын тұлғаларды анықтау, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындар мен қоғамдық көліктерде азаматтардың қырағылығын арттыру. 

- Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ұялы телефондарды жүйелі түрде ұрлаумен айналысқан бірнеше адам ұсталды. Олардың кейбірі бұрын да осындай қылмыстар үшін бірнеше рет сотталған. Сонымен қатар ұрланған мүлікті сатып алумен айналысқан адамдардың заңсыз қызметі тоқтатылды. Барлық дерек бойынша қажетті құжаттар рәсімделіп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Талант Исаев. 

Іс-шара басталғалы бері қаладағы қоғамдық көліктерде, базарларда және сауда орталықтарында жасалған бірқатар ұрлық дерегі анықталды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде ұрланған құрылғылардың бір бөлігі иелеріне қайтарылды. Полиция қызметкерлері қалта ұрлықтарының көп жағдайда адамдар көп жиналатын уақытта болатынын ескертеді және тұрғындарды жеке заттарына ұқыпты болуға, телефондар мен сөмкелерді қараусыз қалдырмауға шақырады. "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы аясындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Алматы қаласының жедел бөлімшелері күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың мүлкін қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құқықтық тәртіп #телефон ұрлығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);