AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда полицейлер оқушыларға жол қауіпсіздігі не...

Алматыда полицейлер оқушыларға жол қауіпсіздігі негіздерін үйретті

Заң мен тəртіп 20.03.2025, 14:17 562 dulatbekova
Алматыда полицейлер оқушыларға жол қауіпсіздігі негіздерін үйретті
Сурет: Polisia.kz

Алматыда "Жаяу жүргінші" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Осы орайда қалалық полиция департаментінің қызметкерлері №28 жалпы білім беретін мектепке арнайы барып, "Жас Сақшы" полиция сыныбының оқушыларына жол қозғалысы ережелеріне арналған ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында тәртіп сақшылары балаларға жолда жүру мәдениеті мен қозғалыс ережелерінің маңыздылығын қарапайым әрі қызықты түрде түсіндіріп, жаяу жүргіншілердің – соның ішінде балалардың – қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі қағидаларға тоқталды.

Шарада оқушылар белсенділік танытып, сұрақ-жауапқа қатысып, алған білімдерін бекітіп, жолдағы түрлі оқыс жағдайларды дұрыс талдауды үйренді.

– Сабақ барысында балаларға күнделікті өмірде кездесетін жол қауіптері туралы кеңінен айтылды. Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің жиі жіберетін қателіктері де назардан тыс қалмады. Полицейлер жолды қалай дұрыс кесіп өту керек екенін, қоғамдық көлік күтіп тұрғанда қауіпсіз орын таңдаудың маңыздылығын және жаяу жүргіншілер өткелінде де сақтық шараларын қаперде ұстау қажеттігін жан-жақты түсіндірді, – деді Медеу аудандық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Арман Усаев.

"Жас Сақшы" сыныбы – балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қазақстандық полиция қызметінің ерекшеліктерін таныстыратын бірегей жоба. Осындай сабақтар жасөспірімдерге құқықтық білім беріп қана қоймай, оларды жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетіне баулиды.

Алматы полициясы балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуде. Сондай-ақ тәртіп сақшылары ата-аналарды да балаларға жолда өзін қауіпсіз ұстаудың қарапайым әрі маңызды қағидаларын үйретуге шақырады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жас сақшы #Жол қауіпсіздігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);