AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда полицейлер азаматтық қару иелерін тексерд...

Алматыда полицейлер азаматтық қару иелерін тексерді

Заң мен тəртіп 12.06.2025, 10:55 980
Алматыда полицейлер азаматтық қару иелерін тексерді
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр.

Науқан басталғаннан бері Алматы қаласы полиция департаментінің азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, қару иелерінің қаруды сақтау шарттарының сақталуын бақылау мақсатында мекенжай бойынша тексерулер ұйымдастырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгінгі күнге дейін 691 қару иесі тексеріліп, қаруды сақтау ережелерін, сондай-ақ қаруды тіркеу және қайта тіркеу мерзімдерін бұзудың 17-ден астам дерегі анықталды. 

-Жіберілген құқық бұзушылықтар үшін қару иелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Біз тексерумен шектелмейміз, әрбір қару иесімен қаруды сақтау ережелері мен рұқсат құжаттарының мерзімдерін қатаң сақтау туралы профилактикалық әңгіме жүргізіледі. Сондай-ақ бұзушылықтардың салдары, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке дейін жеткізілетіні ескертіледі, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Алматы қаласының полициясы, қаруды тұрғылықты жерде сақтау белгіленген талаптарға сай болуы керектігін еске салады. Қару иелері рұқсат құжаттарының мерзімін уақытында ұзартуға және азаматтық пен қызметтік қарудың айналымы саласындағы заңнама нормаларын қатаң сақтауға міндетті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құқықтық тәртіп #азаматтық қару иелері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);