AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда пойызда 52 адам газдан уланды

Алматыда пойызда 52 адам газдан уланды

Оқиға 11.12.2025, 17:07 1,098
Алматыда пойызда 52 адам газдан уланды
Элеонора Якия

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдемнің 13 бригадасы жіберілген, деп хабарлайды aqshamnews.kz

"Барлығы 52 адам, оның ішінде балалар зардап шеккен. Барлық науқас қала стационарларының қабылдау бөлімдеріне жеткізіліп, тексеруден өткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді", – деп хабарлады ведомство.

Басқарманың мәліметінше, тексеріс нәтижесінде 10 бала ауруханаға жатқызылған. Оның екеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары профильдік бөлімдерде ем алып жатыр.

"Қалған пациенттерге тексеру мен алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емге жіберілді. Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы дәрігерлер бақылауында, барлығы қажетті медициналық көмекпен қамтылған", – деді баспасөз қызметі.

Жағдайға "Жолаушылар тасымалы" АҚ да түсінік берді. Компания пойыздың өздеріне қатысы жоқ екенін айтты.

"Алматы-2 вокзалына келген пойыздағы көміртегі тотығымен улану оқиғасына байланысты хабарламаға қатысты айта кетсек, Ұлттық тасымалдаушының бұл оқиғаға қатысы жоқ. Улану болған пойыз “Жолаушылар тасымалы“ АҚ-на тиесілі емес, жеке тасымалдаушыға қарайды. Вагондар түсірілім жүргізу үшін киностудияға берілген", – деп мәлімдеді компания.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пойыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);