AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда пластик қақпақтарды жинауға арналған «Доб...

Алматыда пластик қақпақтарды жинауға арналған «Добрая крышечка» экологиялық науқаны басталды

Барлығы 12.12.2025, 17:12 1,047
Алматыда пластик қақпақтарды жинауға арналған «Добрая крышечка» экологиялық науқаны басталды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласында пластик қақпақтарды жинап, оларды кейін қайта өңдеуге өткізуге бағытталған «Добрая крышечка» экологиялық науқанның басталғаны ресми түрде жарияланды.
 
Бұл туралы Алматы қаласының Экология және коршаған орта басқармасының өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.
 
Науқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен өтеді және қоршаған ортаны қорғау, пластик қалдықтарының көлемін азайту, сондай-ақ тұрғындар арасында қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне назар аударуға бағытталған.
 
Бастамаға мектеп оқушылары, балабакша тәрбиеленушілері, ата-аналар, сондай-ақ қала тұрғындары белсенді түрде қатыса алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тұрғындарды экологиялық тәжірибелерге тарту коршаған ортаға жауапты көзкарас қалыптастыруға және экологиялық ахуалды жақсартуға септігін тигізеді.
 
Жиналған пластик қақпақтарды Алматының барлық аудандарының тұрғындары жақын маңдағы қалдықтарды қабылдайтын комьюнити орталықтарға тапсыра алады.
 
Қабылдау пункттерінің мекенжайлары:
 
• Алатау ауданы - Саялы шағын ауданы, 71;
• Әуезов ауданы - Мамыр-1 шағын ауданы, 26/1;
• Жетісу ауданы - Серіков көшесі, 6а;
• Наурызбай ауданы - Шұғыла шағын ауданы, Сакен Жүнісов көшесі, 4/3;
• Бостандық ауданы - Абай даңғылы, 164/6;
• Түрксіб ауданы - Жас-Қанат шағын ауданы, 49А;
• Алмалы ауданы - Байтұрсынов көшесі, 22/1;
• Медеу ауданы - Халилуллин көшесі, 140/5.
 
Науқан аясында экологиялық жәрмеңкелер, қалдықтарды қайта өңдеуге арналған оқыту шеберлік сыныптары, сондай-ақ балалар мен ересектерге арналған интерактивті іс-шаралар өткізу жоспарланған.
#TazaQazaqstan #ТазаҚазақстан, #экология, #TazaChallenge
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #пластик қалдықтар #экологиялық науқан #«Добрая крышечка»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);