AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жақыныңа жанашыр бол! / Алматыда Pfizer вакцинасын салдырғысы келетіндер ө...

Алматыда Pfizer вакцинасын салдырғысы келетіндер өте көп - дәрігер

Жақыныңа жанашыр бол! 22.12.2021, 10:45 2,252
Алматыда Pfizer вакцинасын салдырғысы келетіндер өте көп - дәрігер
Сурет: Сoronavirus2020.kz

Ревакцинация - екі вакцинадан соң біздің ағзамызды коронавирусқа қарсы ары қарай иммунитетті қалыптастыру үшін салынады


Бұл туралы №14 қалалық емхананың жалпы практика бөлімшесінің меңгерушісі Роза Бекбаева онлайн-сұхбат барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Сoronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап


Дәрігер алдымен вакциналауға кімдердің қарсы көрсетілімі бар екенін айтты.



«Вакциналау ауыр онкологиялық аурумен ауыратын және дәрі-дәрмектерге ауыр аллергиялық реакциясы бар адамдарға қарсы көрсетілген. Біз вакцина салмас бұрын осының бәрін ескереміз. Яғни, ең алдымен міндетті тексеру, анализ жинау, сауалнама жүргізген соң ғана вакцина саламыз. Айта кетейін, ауыр аллергиялық реакция вакциналаудың негізгі қарсы көрсетілімі болып табылады», - деді емхана меңгерушісі.



Оның айтуынша, қазіргі таңда емханада Pfizer вакцинасын салдырғысы келетіндер өте көп.



«Егер Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы бітсе, тағы жеткізілімі болады деп ойлаймын. Себебі, қазіргі уақытта бұл вакцинаға сұраныс жоғары. Тіпті, қарт адамдар келіп Pfizer вакцинасы жайлы сұрап жатады», - деді дәрігер.



Дәрігер жасөспірімдерді вакциналаудың маңыздылығы мен егілуден кейінгі қалыпты жағдайларды еске салды.



«Жасы 12-ден жоғары балалар ауруды тасымалдаушы болуы мүмкін. Себебі, 12-18 жас аралғындағы жасөспірімдер адамдар көп жиналатын орындарға, мектептерге, түрлі үйірмелерге барады. Сондықтан өздері ауырмас үшін және айналасындағылар да жұқтырмас үшін оларды вакциналау дұрыс». «Егілуден кейінгі қалыпты жағдай болып, дене қызуының көтерілуі, аздаған діріл, мүмкін бүкіл дененің ауруы болып табылады. Бірақ, бұл белгілер әдетте үш күннен аспайды. Біздің емханада мен өзім байқағандай, вакцина алған адамдарда бұл белгілер екі күннен артық созылған жоқ және ауыр асқынулар болған жоқ», - деді Роза Бекбаева.



Сондай-ақ, оның айтуынша, қазіргі уақытта емханаға жүкті әйелдер де Pfizer вакцинасын салдыруға келіп жатыр.



«Жүкті әйелдер вакцинаны 16 апта мен 37 апта аралығында салдырады. Біз оларды қадағалаймыз. Алдымен вакцина салдырмас бұрын олардың анализін жинайды, вакцина салдырған соң, жарты сағат емханада болады. Келесі үш күн бойы біз олармен тығыз байланыста боламыз», - деді дәрігер.



Роза Бекбаеваның айтуынша, қазіргі таңда №14 қалалық емханасына 34 800 адам тіркелген. Оның 15 000-і балалар, 1-ші және 2-ші вакцина алғандар саны 15 283. 6 ай өткен соң, үшінші вакцинаны – 1022 адам алған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #вакцина #салдыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);