ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Алматыда патрульдік полицейлер 9 жасар Айша Тимурд...

Алматыда патрульдік полицейлер 9 жасар Айша Тимурды қалай тапқанын айтып берді

Оқиға 07.12.2022, 14:27 946
Алматыда патрульдік полицейлер 9 жасар Айша Тимурды қалай тапқанын айтып берді
Сурет: Ашық дереккөзі
Қыз бала үйден шығып кеткен, бірақ мектепке дейін жетпеген

Қыз бала үйден шығып кеткен, бірақ мектепке дейін жетпеген


Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері 9 жасар Айша Тимурды қалай тапқанын айтып берді, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 
7 желтоқсан күні кәмелетке толмаған Айша Тимурдың жоғалғаны туралы хабар Алматыны дүр сілкіндірді.


Таңертеңгі сағат 07:40-та қыз бала үйден шығып кеткен, бірақ мектепке дейін жетпеген.



– Бізге сағат 09:00 шамасында 9 жасар Айшаның жоғалғаны туралы хабар келіп түсті. Белгілері: қызғылт күртеше, көк қалпақ, қызыл сөмке, қара етік. Біз мекенжай бойынша бардық. Ақпарат расталды. Баланы іздестіру жұмыстарына Түксіб аудандық ПБ-ның жеке құрамы, Алматы гарнизоны мен еріктілер жұмылдырылды. Біздің ауысым сағат 16:00-де аяқталды. Бірақ күндізгі іздестіру нәтиже бермегендіктен, мен және әріптестерім қызметте қалып, баланы іздеуді жалғастырдық. Мен – үш баланың әкесімін. Қыздарымның бірі – Айшамен құрдас. Мені Айшаның тағдыры қатты алаңдатты. Бүкіл гарнизон, Алматы қаласының барлық тұрғындары қыз үшін алаңдады, – деді Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің инспекторы Алмас Құрақбаев. 



Тәртіп сақшысының айтуынша, бейнебақылау жүйелерінің арқасында қыздың троллейбусқа мінгенін анықтау мүмкін болды.



 – Жүргізушінің нөмірін троллейбус паркінің диспетчерінен сұрадық, оған телефон соқтық, ол Айшаның троллейбуста екендігін растады. Бұл туралы дереу ЖБО-ның кезекшісіне хабарладық. Еріктілермен бірге Байтұрсынов пен Бұқар жырау көшелерінің қиылысында троллейбусты қуып жеттік. Айша ішінде болды. Мен оны көтеріп, патрульдік көлікке отырғызып, Полиция басқармасына апарып, ата-анасына тапсырдым. Құдайға шүкір, ол аман-есен табылды, – деді полиция қызметкері Құрақбаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.