AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

Заң мен тəртіп 12.03.2026, 16:24 307 dulatbekova
Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұрлықтарына қатысы бар деген күдікпен қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер қала тұрғындарының пәтерлеріне заңсыз кіріп, бағалы мүліктерін қолды еткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер топтың барлық мүшесін анықтап, ұстады. Сондай-ақ олардың қаланың әртүрлі аудандарында жасалған бірнеше мүліктік қылмысқа қатысы бары белгілі болды. Күдіктілердің әрекетінен келген жалпы шығын миллиондаған теңгені құрайды.

– Пәтер ұрлықтарымен айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу және олардың жолын кесу – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі. Бұл адамдарды ұстау фактілері полицияның қаладағы криминогендік жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отырғанын, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етіп, тұрғындардың мүддесін қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді. Қазіргі уақытта топтың қылмыстық әрекетіне қатысты барлық эпизодтарды анықтау және кінәлі тұлғаларды заң алдында жауапкершілікке тарту бағытында жұмыс жалғасуда, – деді Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Полиция азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады: тұрғын үйлердің есік-терезелерін мұқият бекітіп, күмән тудыратын адамдарды байқаса, "102" арнасына хабарлауды сұрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #пәтер ұрысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);