ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда өткен тамыз конференциясы білім саласының...

Алматыда өткен тамыз конференциясы білім саласының өкілдері мен халықаралық сарапшылардың басын қосты

Алматы 19.08.2025, 19:28 615
Алматыда өткен тамыз конференциясы білім саласының өкілдері мен халықаралық сарапшылардың басын қосты
Алматы әкімдігі
Алматыда жаңа оқу жылы қарсаңында «Болашақ білім беру: адал азамат – білікті маман» атты дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.

Алматыда жаңа оқу жылы қарсаңында «Болашақ білім беру: адал азамат – білікті маман» атты дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.

Жиынға педагогтар, Сингапур, АҚШ және өзге елдерден келген халықаралық сарапшылар қатысты. Құрметті қонақтар арасында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болды. Конференцияның арнайы қонағы – «Қазақстанның Еңбек Ері», «Отан» орденінің иегері, белгілі ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аягүл Миразова.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды конференцияға қатысушылар мен педагогтарды жаңа оқу жылымен құттықтады.

«Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Осы бағытта ауқымды жұмыс қолға алынды. Алматыда колледждердің материалдық-техникалық базасы 2,6 млрд теңгеге жаңартылып, WorldSkills стандарты бойынша 14 құзырет орталығы ашылды, жыл соңына дейін тағы 4 орталық іске қосылады. Сонымен бірге «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылып отыр: 35 мың орынға арналған 21 жаңа мектеп салынып, 15 білім беру мекемесіне күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Бүгінде қала мектептерінде 350 мыңнан астам оқушы оқиды, олардың саны жыл сайын орта есеппен 12–14 мыңға артып отыр», – деді қала әкімі.

Салтанатты бөлімде «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері, министрлік пен Алматы әкімдігінің алғыс хаттары табыс етілді. Сондай-ақ, Алматы әкімдігі тағайындаған «Үздік білім беру ұйымы – 2025» арнайы сыйлығы берілді. Бұл марапат №79 гимназияға бұйырды.

Конференция аясында өткен пленарлық отырыста болашақтағы кәсіби білім беру және жаңа экономикаға қажетті маман даярлау, білім беру үдерісіне STEM/STEAM тәсілдерін енгізу, оқушылардың қауіпсіздігі мен психоэмоциялық денсаулығы, инклюзивті білім мен толеранттылықты дамыту мәселелері талқыланды.

Іс-шара қазақстандық эстрада жұлдыздарының концертімен түйінделді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.