ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда өткен жүгіруден жартылай марафонға 5 500...

Алматыда өткен жүгіруден жартылай марафонға 5 500 адам қатысты

Әлеумет 18.04.2022, 09:29 980
Алматыда өткен жүгіруден жартылай марафонға 5 500 адам қатысты
Сурет: Almaty.tv
Рекордтық көрсеткіш.

Рекордтық көрсеткіш.


Алматыда жүгіруден жартылай марафон өтті. Тұңғыш Президент саябағынан басталған жарысқа 5 500 адам қатысып, рекордтық көрсеткіш орнатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


Желаяқтар қала көшелерімен жүгіріп өтіп, орталық стадионға дейін жетті. Дәстүрге айналған спорттық шараның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысып, мұндай игі бастамалардың қашанда қолдауға ие болатынын жеткізді.


Жүгіру алаңынан жеткіншектер мен жасы 80 жастағы егде кісілерді де байқауға болады. Бәрі де - спорт пен салауатты өмір салтын жанына серік еткендер. Олардың қатарында жүгіруден түрлі дәрежедегі спорт шеберлері, жеңіл атлеттер және жүгірумен әуесқой түрде айналысатындар бар.


Әл-Фараби даңғылы бойынан басталған марафон Абай даңғылындағы орталық стадионға дейін жалғасты. Осы аралықтағы жолдар жабылып, қоғамдық көліктер уақытша тоқтатылды. Айналасы бір сағаттың ішінде алғашқы 10 шақырымды жүгіріп өткендер мәре сызығына келіп те үлгерді.


Соңғы кездері Алматы марафонына алыс-жақын шет елден арнайы келетіндердің де қатары артқан. Ұйымдастырушылар көпшілікті қызықтырған спорттық шара шамамен 5 жылдың ішінде ауқымын кеңейтті дейді. 



«Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан өзге де түрлі елден келіп жатыр. Бүгін жарысқа 5 500 адам қатысып отыр. Оның ішінде тең жартысы 10 шақырымға, қалғаны 21 шақырымға жүгірді. Скандинавиялық жүріс бар және денсаулық ерекшелігіне байланысты арбамен қатысатын спортшыларда бар. Жарыс өте қызықты өтіп жатыр, қуаныштымыз», – деді ұйымдастырушы Иса Қалқа.



10 шақырым жолды бәрінен басып озып, бірінші келген Денис Степаненко жеңімпаз атанды. Ал әйелдер арасында Екатерина Грицай алғашқы болып келді. 21 шақырым жүгіріп өткендер 350-450 мың ақшалай сыйлықпен марапатталды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,322 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.