ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстың аз...

Алматыда отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстың азайғаны тіркелген

Әлеумет 13.06.2023, 08:50 1,140
Алматыда отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстың азайғаны тіркелген
Отбасылық-тұрмыстық күш көрсету үшін жауапкершіліктің күшейгені туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы...

Отбасылық-тұрмыстық күш көрсету үшін жауапкершіліктің күшейгені туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Диас Дуанбеков айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматының тәртіп сақшылары отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқықбұзушылықтарды тұрақтандыру мен жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүргізеді. 2023 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша тұрмыстағы құқық бұзушылықтардың үлесі барлық тіркелген құқық бұзушылықтардың 0,05 пайызын құрады. Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар 2,6 есеге (14-тен 6-ға дейін) азайған.    


Диас Дуанбековтың айтуынша, тұрмыс барысында кездесетін қылмыстың негізгі түрі – адам өлтіру және дене жарақатын салу. Мұндай ауыр қылмыстар ерлі-зайыптылар арасында – 2 жағдай, бірге тұратындар арасында – 2, жақын туыстар арасында – 2 оқиға тіркелген. Көбінесе қылмыстар алкогольдік ішімдік тұтыну салдарынан, қызғаныш пен ұрыс-керістен кейін орын алады.


«Отбасылық-тұрмыстық өмірде кездесетін қылмыстық жағдайларды шектеудің бір жолы - құқық бұзушылық жасағандарды профилактикалық есепке алу және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту болып табылады. Осылайша өткен мерзімде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 1362 адамға қатысты іс қозғалды, 2023 жылдың 5 айында 3141 адам профилактикалық есепке алынды, оның ішінде 2782-не қорғау нұсқамасы шығарылды және 359 тұлғаның мінез-құлқына ерекше талаптар қойылды», - деді Д.Дуанбеков.


 Полицейдің айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі себебі – ішімдікке салыну мен жұмыссыздық. Мас күйде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында 5 айдың қорытындысы бойынша 101 адам мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді. Алкогольді сату ережелерін бұзғаны үшін 199 әкімшілік іс сотқа жолданды.


Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылық әрекеттердің алдын алу мақсатында Қалалық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастамасымен ағымдағы жылдың 15-17 ақпаны және биылғы 27-29 наурыз аралығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған «Тұрмыс» жедел-алдын алу шаралары екі рет өткізілді.


Осылайша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, олардың полицияға сенімін арттыру, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында биыл мамырдың 16-сы мен 18-і аралығында қала аумағында Алматы қаласы, ПД ЖПҚБ бастамасымен «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» қалалық акциясы өткізілді. Аталған акцияның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттердің алдын алу, қылмыстардың жолын кесу, әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.