AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда отбасылық жаңа демалыс орны салынады

Алматыда отбасылық жаңа демалыс орны салынады

Әлеумет 19.09.2021, 06:34 1,708 Almaty-akshamy
Алматыда отбасылық жаңа демалыс орны салынады
Cурет: Әкімдік

Қала күні отбасылық демалыс саябағы таныстырылды.


Алматыда тұрғындар серуендей алатын, көңіл көтеретін, демалатын және спортпен айналысатын қоғамдық кеңістіктерді жақсартуға көп көңіл бөлінеді. Қала күні отбасылық демалыс саябағы таныстырылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жобамен танысты. Наурызбай ауданы әкімдігінің жанындағы 4,56 га аумақта ескі саябақтың орнына жаңа саябақ салынады.


Мұнда тек ауданның ғана емес, бүкіл қала тұрғындары отбасымен және достарымен уақыт өткізуге, жаңа аттракциондарға мінуге, аллеяларда серуендеуге және таза ауада тамақтануға келетін болады. Саябақта 44 аттракцион мен 4 фудкорт болады.



Балалар батутта секіре алады, виртуалды шындық әлеміне енеді, үшінші қиындық деңгейіндегі арқан жолынан өтеді, лабиринттен шығудың жолын табады, өзінің Lego үйін салады және, әрине, туған күнін тойлай алады.


Саябақтың бірегей тұжырымдамасының нәтижесінде оның барлық қонақтары жасына қарамастан көңіл көтере алады. Alem Park – бұл жай ғана саябақ емес, түрлі-түсті шабындықтары, сәулеттік құрылымдары, арқан саябағы, альпинистік қабырға, жайлы кафелер мен басқа да көптеген ойын-сауықтары бар тұтас қала.


Саябақтың негізгі идеясы – көркем табиғат ландшафтын заманауи ойын-сауық технологияларымен үйлестіру, мұнда балалар мен ересектер үшін демалыс пен ойын-сауық біріктіріледі. Әр түрлі мастер-класстар, отбасылық жарыстар, балалар кештері, аниматорлардың қатысуымен ашық ауада ойындар өтеді.


Айта кетерлігі, саябаққа 500-ге жуық ағаш отырғызылады. Осы жобаны жүзеге асырудың арқасында Алматыда жаңа үлкен демалыс және ойын-сауық саябағы пайда болады, ол тұрғындардың жиналатын орнына айналады, алматылықтардың жайлы тұруы мен демалысын қамтамасыз етеді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай ауданы #демалыс орны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);