Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Өрт-құтқару спортынан әлем чемпионаты бас...

Алматыда Өрт-құтқару спортынан әлем чемпионаты басталды

Әлеумет 16.08.2024, 09:40 894
Алматыда Өрт-құтқару спортынан әлем чемпионаты басталды
Сурет: Gov.kz

Кеше, 15 тамызда Орталық стадионда өрт-құтқару спортынан ұлдар мен жасөспірімдер арасындағы XIII әлем чемпионатының және қыздар мен жасөспірімдер арасындағы IX әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жарысқа қазақстандықтардан басқа Беларусь, Болгария, Қазақстан, Ресей, Словакия, Чехия командалары қатысты. Сонымен қатар, бақылаушылар ретінде Сауд Арабиясының өкілдері келді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Салтанатты іс-шараны ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов ашты. Чемпионаттың ұйымдастырушылары мен қатысушыларын құттықтай отырып, ол алдағы іс-шара жоғары деңгейде өтетініне және құтқарушы спортшылар үшін нағыз мереке болатынына сенім білдірді.

Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының президенті Александр Чуприян, Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының Атқарушы комитетінің директоры Андрей Калинин, сондай ақ жарыстың бас төрешісі Сергей Бакиров құттықтау сөздерін сөйледі.

Атап өту қажет, елімізде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты алғаш рет өткізілуде.

Әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде командалар кедергілері бар жолақтың 100 метрін еңсеріп сайысқа түседі.

Келесі күндері Үшіншісі - 4х100 метрлік өрт сөндіру эстафетасы.

Төртіншісі - өрт сөндіру мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю бойынша сайыстар өтеді.

Қазақстанда аталған санаттағы спорттық  іс-шара үшінші рет өтуде. 2014 жылы әлем біріншілігі алғаш рет Алматы қаласында және 2021 жылы Қарағанды қаласында өткен. Айта кетейік, елімізде ұлдар мен қыздар,  жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаттары алғаш рет өткізілуде.

Өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаттарын өткізу әртүрлі елдердің азаматтық қорғау органдары саласындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өрт-құтқару спорты #Алматы #Әлем чемпионаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2030 жылға дейінгі "Almaty Business" кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бекітілді

Бүгін 16:59

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.