AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда өрт қауіпсіздігі күшейтілді: жеке үйлерге...

Алматыда өрт қауіпсіздігі күшейтілді: жеке үйлерге құтқару датчиктері орнатылып жатыр

Барлығы 23.11.2025, 14:36 538 Дина
Алматыда өрт қауіпсіздігі күшейтілді: жеке үйлерге құтқару датчиктері орнатылып жатыр
сурет: Алматы әкімдігі

Алматыда жеке сектордағы өрт қауіпсіздігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Бүгін Ақбұлақ шағынауданының тұрғындарына жылыту құрылғысын дұрыс пайдалану ережесі түсіндіріліп, үйіне газ және көміртек тотығының таралуын анықтайтын датчиктер орнатыла бастады.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күн сайын жеке секторда профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әсіресе, демалыс күндері бұл шаралар қарқын ала түседі, өйткені тұрғындар үйде болған осы кезде көпшілікке қауіпсіздік талаптары айтылып, қажет болса датчиктер орнатылады.

– Қыс мезгілінде жылыту құрылғысын дұрыс пайдаланбау салдарынан өрт қаупі артады. Сол себепті біз негізгі өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіріп, қатты отынмен немесе табиғи газбен жұмыс істейтін жылыту жүйелерінің әрдайым жарамды күйде болуын қадағалау қажеттігін айтамыз, - деді Алматы қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Константин Канин. 

Сондай-ақ, ол мұндай жүйелерді қараусыз қалдыруға болмайтынын, әсіресе үйде кішкентай балалар болса, ерекше сақ болу керектігін ескертті.

Ақбұлақ шағынауданында ТЖД мамандары кезекті алдын алу шарасын өткізіп, әлі газ жүйесіне қосылмаған үйлерді аралады. «QazaqGaz Aimaq» АҚ компаниясының қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік датчиктері орнатылып жатыр.

– Белгі беруші құрылғы үй ішінде газдың тарала бастағанын анықтайды да, газ беруді бірден тоқтататын қақпақшаға белгі береді, - деді құрылғының жұмыс істеу тетігін түсіндірген газ компаниясының апаттық-диспетчерлік қызметінің жетекші инженері Сұлтанбек Байғазиев.

Ол сондай-ақ, тұрғындар газдың таралуын анықтайтын датчиктерді орнату үшін үй ішіндегі газ жабдығы қызметіне жүгінуге болатынын еске салды.

Бір күнде мамандар 60 жеке үйді аралап, 10 көміртек тотығы датчигін орнатты. Жыл басынан бері МИБ, ПИК және кондоминиумдармен бірлесіп 2 771 адам қатысқан 165 жиналыс пен кездесу өткізілді. 

2018 жылдан бері қала және аудан әкімдіктерінің қолдауымен алматылықтардың үйіне 1 628 көміртегі тотығы датчигі орнатылды. Қосымша тағы 642 құрылғы сатып алынып, қала аудандарына датчик орнату жұмыстары жалғасады.

Алматының ең осал тұрғын аймақтарында өрт қауіпсіздігін күшейту мен үйді қажетті датчикпен жабдықтау жұмыстары жалғаса береді. Бұл өрт қаупін азайтып, тұрғындардың алаңсыз өмір сүруіне септігін тигізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #өрт қауіпсіздігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);