AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ормандағы өрттерді ерте анықтайтын замана...

Алматыда ормандағы өрттерді ерте анықтайтын заманауи жүйе орнатылды

Әлеумет 28.12.2023, 09:36 1,114
Алматыда ормандағы өрттерді ерте анықтайтын заманауи жүйе орнатылды
Сурет: almaty-akshamy.kz

Баспасөз турдың барысында «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аумағында орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің іске қосылуы туралы Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері баяндады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


Орман өрттерін ерте анықтау жүйесі – бұл орман мониторингіне арналған бағдарламалық-аппараттық кешен, ол шұғыл түрде шараларды қабылдауға және өрт қауіптілігі жоғары маусымында орман өрттерінен болатын залалды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.


Бұл жүйе ағымдағы жылы «Медеу» МӨТП КММ-нің тапсырысымен «Байланыс Телеком Энд Технолоджи» ЖШС мердігерлік ұйымымен орнатылды. Жабдық екі бөліктен тұрады:


1. Аппараттық – басқарылатын бақылау датчиктерінің (бейнекамералардың) желісі;


2. Бағдарламалық – арнайы бағдарламалық жасақтама, оның көмегімен орманға жасалынатын мониторинг нақты уақытында жүзеге асырылады, өрттің координаты уақтылы анықталады.


Мамандардың айтуынша, өртті анықтау тәулік бойы 360 градусқа қарайтын және 30 км-ге дейінгі радиуста жағдайды тіркейтін бейнебақылау камераларының көмегімен жүзеге асырылады, аумағы 10 мың гектарға дейін жетеді. Жүйенің құрамында тепловизордың және сезімталдығы жоғары бейнекамераның болуы оны тіпті толық қараңғылықта да тиімді етеді.


«Бейнебақылау камералары 3 учаскеде - Шымбұлақ, Медеу және Бутаков шатқалында орналасқан антенна – діңгек құрылыстарында орнатылған. Бейнебақылау жүйелерінен ақпарат «Медеу» МӨТП жанындағы жедел басқару орталығына тиісті байланыс арналары арқылы келіп түседі, бұдан әрі ақпарат шұғыл қызметтерге уақтылы әрекет ету үшін бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне беріледі», - деді Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Мирас Гайсин.


«Мемлекет басшысы ормандарда видеомониторинг жүйесін енгізуге қатысты тапсырма берген болатын. Осы тапсырма аясында «Медеу» саябағында ТЖД дағдарыс жағдайын жедел басқаруы, болған жағдайларға дер кезінде назар аударуы және ТЖД құрылғыларын жіберуге қатысты мониторинг жүргізу үшін видеокамералар орнатылған еді», - деп сөзін толықтырды Алматы қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Жұматаев.


Өртті ерте анықтау жүйесінің жұмысын тексеру үшін сынақ режимінде жасанды өртеу жүргізілді. Нәтижесінде жүйе түтінді бірден байқады, оның нақты координаттары мен уақытын анықтады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#орман #өрт #төтенше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);