Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы тойланады

Алматыда Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы тойланады

Әлеумет 26.09.2023, 09:30 1,148
Алматыда Оралхан Бөкейдің 80 жылдығы тойланады
Сурет: ашық дереккөз

Биыл белгілі жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толды.


Атаулы мерейтой қаламгердің туған жері Қатонқарағайдан бастау алып, қазір республика көлемінде тойлануда. Осы орайда 28-30 қыркүйек аралығында жазушының жастық шағы өткен Алматы қаласында да бірқатар мерекелік іс-шара жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Алматыдағы мерекелік шаралар легі ҚР Ұлттық кітапхана ғимаратында Оралхан Бөкей кітаптары мен «Төр Алтай бояулары» пленэріне қатысқан суретшілердің көрмесімен басталады.
Көрмеден соң «Ел-шежіре» қоғамдық қорының Оралхан Бөкей шығармашылығына арнап ұйымдастырған «Өр Алтайдың асқақ жыршысы» атты конференциясы өтеді.
30 қыркүйек күні 11:00-де Алматы қаласының «Алатау» дәстүрлі өнер театрында республикалық аламан айтыс өтеді. Оған республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған ақындар қатыспақ. Атап айтқанда, сөз додасына Жансая Мусина, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, Ершат Қайболдин, Аспанбек Шұғатаев, Шұғайып Сезімхан, Нұрзат Қаруқызы, Ержан Әміров, Серік Қуанған, Ақниет Жұбаныш, Қазырет Бердіхан, Төлеген Жаманов, Айбек Жеңісқазин, Фархат Маратұлы сияқты суырып салма ақындар өнер көрсетеді. 


Еске салайық, Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған мерекелік шаралар Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының ұйытқы болуымен өтіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оралхан Бөкей #Мерейтой #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.