конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда оқытушыларға арналған бөлме өсімдіктерін...

Алматыда оқытушыларға арналған бөлме өсімдіктерін отырғызу бойынша шеберлік сағаты өтті

Әлеумет Бүгін 16:14 63
Алматыда оқытушыларға арналған бөлме өсімдіктерін отырғызу бойынша шеберлік сағаты өтті

Іс-шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы ұйымдастырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Алматы қаласындағы «Zhuldyz Flowers Garden» бөлме өсімдіктері павильонында жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларына арналған бөлме өсімдіктерін отырғызу бойынша шеберлік сағаты өтті.

Қатысушылар бөлме өсімдіктерін отырғызу және күтіп-баптаудың негізгі қағидаларымен танысып, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданды.

Теориялық бөлім барысында өсімдіктерді өсіру мен күтіп-баптаудың ерекшеліктері, сондай-ақ білім беру ортасын жайлы әрі қолайлы ету үшін көгалдандырудың маңызы туралы ақпарат берілді.

Практикалық бөлімде өсімдіктерді дұрыс отырғызу кезеңдеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар алған білімдерін іс жүзінде қолданып, өсімдіктерді өз қолдарымен отырғызды.

Сонымен қатар жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы оқытушылардың рөліне ерекше мән берілді. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және экологиялық әдеттерді қалыптастыру күнделікті өмірдегі қарапайым әрі пайдалы әрекеттерден басталады.

Осындай іс-шаралар білім беру саласы өкілдерінің экологиялық мәдениетін арттыруға және «Таза Қазақстан» бастамасын іс жүзінде жүзеге асыруға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өсімдіктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Алтын Бесік шағынауданында спортпен шұғылдануға және отбасылық демалысқа арналған қоғамдық кеңістік жаңартылды

Бүгін 16:47

«Уәде емес, нәтиже керек»: Алмалы ауданының тұрғындары Құрылтай сайлауынан не күтеді?

Бүгін 16:46

Алматыда «Жастар қатысатын бюджет – 2026» жобасының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 16:19

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

Бүгін 16:17

Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді

Бүгін 16:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);