AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда оқушылар мен студенттер арасында кәсіпті...

Алматыда оқушылар мен студенттер арасында кәсіптік бағдар өтуде

Әлеумет 20.04.2023, 17:26 932 Almaty-akshamy.kz. 
Алматыда оқушылар мен студенттер арасында  кәсіптік бағдар өтуде
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматыда 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында ай сайынғы кәсіптік бағдар өтуде.


Жыл басынан бері әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан 15 мыңға жуық оқушы өтті. Кеңес беру, тестілеу және нәтижелерді талқылау жастарға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға және болашақта жұмысқа ойдағыдай орналасуға көмектеседі,-деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Кәсіби бағдар оқушының қызығушылығы мен қабілетін зерттеуге, оны мамандық әлемімен және оларды таңдау ережелерімен таныстыруға, сондай-ақ кәсіби болашақта мотивацияны қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ, бұл еңбек нарығының дағдылары мен қажеттіліктерін ескере отырып, қызмет саласын өзгертуге немесе біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді.



"Қазір оқушылардың, студенттердің және жұмыссыздардың басым көпшілігі кәсіптік бағдарлауды қажет етеді. Көбінесе жастар мамандық таңдауда қиындықтарға тап болады. Сондықтан осы қызметті көрсету формалары әртүрлі. Ай сайын жұмыспен қамту орталығының мамандары оқу орындарына барады, кәсіби өзін-өзі анықтау үшін тестілеу, дәрістер, шеберлік сыныптары, тренингтер және басқа да сабақтар өткізеді. Бірінші кезекте кәсіптік бағдар беру оқушылар үшін маңызды, өйткені олар жақын арада мамандықты анықтауы керек", — деді Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева.



Еске салсақ, болашақ мамандықты дұрыс таңдай алмау салдарынан колледжде немесе университетте оқу кезінде студенттің таңдаған мамандығына көңілі толмайды. Қоғамдағы жаңа үрдістер ел экономикасын дамыту үшін балалар мен жастарды кәсіптік бағдарлаудың маңызды екенін көрсетуде.


Айта кетерлігі, кәсіптік бағдар берумен қызмет көрсетілген сәттен бастап қалада 62 мыңға жуық оқушы мен студент қамтылған. Жаңа кәсіптер туралы қосымша ақпаратты Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы сайтынан алуға болады (enbek.kz).


Кәсіптік бағдарлау бойынша жұмыс Алматы қаласының білім басқармасымен бірлесіп жүргізіледі.


 


Алматы қаласының жұмыспен


қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіптік #бағдар #студенттер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);