Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда оқушылар 1,5 мың тонна қалдықты қайта өңд...

Алматыда оқушылар 1,5 мың тонна қалдықты қайта өңдеуге тапсырған

Әлеумет 30.05.2023, 14:32 999
Алматыда оқушылар 1,5 мың тонна қалдықты қайта өңдеуге тапсырған
Сурет: Almaty.tv

Науқанға қаладағы 11 мектептен 40-қа жуық оқушы қатысты


Елімізде жыл сайын 4,5 млн тонна тұрмыстық қалдық шығарылады. Соның шамамен небәрі 25 пайызы ғана қайта өңделеді десек, қалғаны қоқыс полигондарының аумағын кеңейтіп отыр. Себебі сұрыптау кәсіпорындары барлық аймақта жоқ. Бұл жайында Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


2030 жылға дейін қайта өңделетін қалдықтардың үлесін 40 пайызға жеткізу міндеті тұр. Ал Алматы тұрғындары 1 жыл ішінде 460 мың тоннаға жуық қоқыс тастайды екен. Оларды сұрыптайтын Алатау ауданындағы ең үлкен зауыт тәулігіне қанша тонна қалдықты қайта өңдеуге қауқарлы? 


Жылына 550 мың тонна қоқысты сұрыптап, өңдеуге қуаты жететін зауыт тәулігіне 1200 тонна тұрмыстық қалдық қабылдайды. Мекеме Алатау ауданында орналасқан. 200-ден аса қызметкер жұмыс істейтін зауыт қала қоқысының 75 пайызын қамтиды. Ол үлкен 3 бөліктен тұрады. Біріншісі - қабылдау бөлімі, онда керексіз заттар жиналады. Әрі қарай қоқыс сұрыпталып, сығымдалу үшін екінші бөлікке түседі. Соңғысы – қойма. Ал өңдеуге жарамайтын азық-түлік, құрылыс материалдары, ағаш бұтақтары мен техника сияқты қалдықтар бөлек шығарылып тасталады.


Оқу жылы басталғалы алматылық оқушылар дәл осы зауытқа 1,5 мың тонна қалдықты қайта өңдеуге тапсырған. Іс-шара қала әкімдігі мұрындық болған «Жасыл мектеп» акциясы аясында жүзеге асты. Аталмыш жоба білім ошақтарының ішінде эко-белсенділер тобын құруға бағытталған. Ұйымдастырушылар сол арқылы мектептер эко-хабқа айналуы мүмкін дейді.



– Мақсатымыз – өскелең ұрпаққа экологиялық өмір салтын түсіндіру, әлеуметті ағарту жұмыстарымен айналысу. Қарапайым қадаммен қоршаған ортаны қалай қорғауға болатынын түсіндіріп, дәрістер өткіздік, – деді жоба ұйымдастырушысы Ерасыл Әшімбай



«Жасыл мектеп» жобасы былтыр бастау алған. Биыл бұл науқанға қаладағы 11 мектептен 40-қа жуық оқушы қатысып, белсенділігі үшін көзге түсіп те үлгерді. Олар оқу жылы барысында өзара эко-фестивальдер өткізіп, тақырып аясында ютуб-арналарын құрды.



– Біз мектепте түрлі экобокстар өткіздік. Сол арқылы білім алып, экологиялық мәдениетімізді дамыттық, – деді оқушы Кәмилә Өмірзақ



Жоба келесі оқу жылынан бастап ауқымын кеңейтпек. Алматылық білім ошақтарының 100 пайызын қамту – жоба ұйымдастырушыларының мақсаты. Табиғат жанашырларының айтуынша, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мектептен басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасыл мектеп #қоқыс #қалдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.