AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда онкологиялық көмек алған шетелдік науқаст...

Алматыда онкологиялық көмек алған шетелдік науқастар көп тіркелді

Барлығы 03.02.2026, 15:09 452 dulatbekova
Алматыда онкологиялық көмек алған шетелдік науқастар көп тіркелді
Cурет: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының сарапшылары қатысқан брифинг өтті.

Алматы шетелдік пациенттерді тартатын, онкологиялық ауруларды кешенді емдейтін негізгі орталықтың біріне айналған, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, медицина ғылымдарының кандидаты Қалдыгүл Смағұлованың айтуынша,  Алматыға медициналық көмек алу үшін Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Әзербайжан мен Ресейден де келе бастаған. Шетелдіктер мұнда негізінен кешенді диагностикадан өтіп, жан-жақты ем алады екен.  

«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының дерегіне тоқталсақ, 2025 жылы бізде шамамен 500-ге жуық шетелдік азамат диагностика мен ем қабылдаған. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келе жатыр», - дейді Қалдыгүл Смағұлова.

Ол пациенттердің сәулелік терапия, ісікке қарсы дәрілік терапия, сондай-ақ хирургиялық емнің жекелеген түрін алу үшін келетінін нақтылады. Мамандардың айтуынша, Алматыда онкологиялық көмектін толық циклы болғандықтан, осы заманғы медициналық технологиялардың көмегімен емдейтіндіктен сұраныс та артыпты.  

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары Айша Молдашева медициналық туризмнің дамуы замандық онкологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Онкологиялық аурулар туралы ең кең тараған мифтердің бірі - қатерлі ісікті үкім ретінде қабылдау екені айтады.  

«Қазір қатерлі ісіктің барлық түрін емдейді, олар барған сайын басқарылатын созылмалы жағдайлар санатына өтіп жатыр. Қазіргі заманғы онкология - бұл жоғары технологиялық хирургиялық ем, дәл сәулелік терапия, сондай-ақ химиотерапия, соның ішінде иммундық-онкологиялық және нысаналы дәрілік терапия», - деді Айша Молдашева.

Сондай-ақ ол ерте диагностика мен скринингтік бағдарламалардың ем тиімділігін тікелей арттыратынын және халық үшін кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында қолжетімді екенін еске салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #онкологиялық көмек #шетелдік науқастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);