AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жіті...

Алматыда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім азайды

Медицина 08.10.2021, 03:30 1,919
Алматыда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім азайды
Сурет: Berdsk-online.ru

Қатерлі ісік ауруларының алдын алу үшін скринингтен уақытылы өткен жөн


Онкологиялық орталықтың бас дәрігері Нұрсұлтан Ізбағамбетовтің айтуынша, 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мегаполисте өлім-жітім 10%-ға дейін азайған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.



«Алматыда онкологиялық аурулар ерте кезеңде жиі анықтала бастады. Қатерлі жаңа өскіндерді, соның ішінде, ковид-19 инфекциясы бар пациенттерді КТ-ға жіберу есебінен ерте бастан диагностикалау ұлғайды. Өлімнің төмендеуі Алматы қаласындағы онкологиялық аурумен ауратындарды емдеуді толығымен қамтуға байланысты. Жыл басынан бері орталықта 13 мың пациент емделіп шықты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға дейін артқан деген сөз»,- дейді дәрігер.



Биыл онкологиялық ауруға шалдыққан 3317 пациент есепке алынды. Статистикалық деректер бойынша, Алматы қаласында сырқаттанушылық құрылымында бірінші орында сүт безі обыры, екінші орында колоректальды обыр, үшінші орында өкпе обыры, төртінші орында асқазанның қатерлі ісігі, бесінші орында аналық бездің қатерлі ісігі тұр.



« 30 қатерлі ісігінің 5 нозологиясы 55 пайызы, яғни жартысы өлімге әкеп соғады. Оны төмендету үшін, барлық диагностикалық және емдеу шараларын мегаполисімізде қатерлі өскіндерден орын алатын өлім-салдары рейтингі басында тұрған 5 нозологияны емдеуге белсенді түрде бағыттауымыз қажет», - деді Нұрсұлтан Ізбағамбетов.



Сонымен қатар, ол орталыққа науқастар еліміздің барлық аймағынан келетінін тілге тиек етті.



«Бүгінгі күні еліміздің басқа аймақтарынан келген 560 онклогиялық аурумен ауыратындар қайта тіркелді, бұл дегеніміз, өткен жылмен қарағанда екі есеге өскендігін көрсетеді. Олардың арасында, өкінішке орай әр 5-ші пациент асқынған қатерлі ісікпен медициналық көмекке жүгінген»,- дейді дәрігер.



Маман халықты скринингтік тексеруден өтуге шақырады.



«Алматы қаласының тұрғындарын бекітілген қала емханалары бойынша тегін скринингтен өтуге шақырамыз. Скринингтен өту - бұл симптомсыз қатерлі ісік ауруын ерте кезеңде анықтаудың тиімді әдісі. Өйткені науқасқа ем неғұрлым ерте тағайындалса, толық сауығу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады», - деп атап өтті Нұрсұлтан Ізбағамбетов.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#онкологиялық аурулар #скрининг #Өлім-жітім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);