AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Оңғарсынова көшесінің бір бөлігінде көлік...

Алматыда Оңғарсынова көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Барлығы 05.06.2025, 14:40 1,001
Алматыда Оңғарсынова көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Сурет: видео скрині

2025 жылғы 5 маусым мен 30 маусым аралығында құрылыс жұмыстарына байланысты Оңғарсынова көшесінің Қожабеков көшесінен Ақберен көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасынан хабарлады.

Бұл шектеу мегаполисте жүзеге асырылып жатқан «Алматы қаласының батыс кәріз коллекторын салу» жобасына байланысты енгізіліп отыр. Жоба аясында магистралды кәріз коллекторын төсеу жұмыстары жүргізілмек. 

Қозғалысқа уақытша шектеу енгізілген уақыт аралығында көлік қозғалысы балама бағыттар Несібе, Бес Арыс, Бөрілі Байрақ, Қожабеков және Ақберен көшелері арқылы жүзеге асатын болады.

Басқарманың мәліметінше, жоба аясында жалпы ұзындығы 34,9 шақырым болатын магистралды кәріз коллекторы салынады. Бұл жүйе Наурызбай және Алатау аудандарының 175 мыңнан астам тұрғынын, сондай-ақ Алматы облысындағы Қарасай мен Іле аудандарындағы 20 мыңға жуық тұрғынды орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосуға мүмкіндік береді

Айта кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпараттар Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желідегі парақшаларында, сондай-ақ «2GIS» пен «Яндекс карта» сервистерінде қолжетімді.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, сіздерден қозғалыс бағыттарын  алдын-ала жоспарлауды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көше #қозғалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);