Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ойынқұмарлық қандай салдарға әкеп соқтыра...

Алматыда ойынқұмарлық қандай салдарға әкеп соқтыратыны айтылды

Әлеумет 22.05.2023, 10:35 1,336
Алматыда ойынқұмарлық қандай салдарға әкеп соқтыратыны айтылды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Лудомания диагнозын қою оңай болғанымен, оны емдеу өте қиын


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ринат Мұзафаров Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ойынға тәуелділіктің алдын алу және оның салдары туралы айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Сарапшының айтуынша, лудомания диагнозымен 10-ға жуық адам есепке тіркелген. Есепке ауыр, созылмалы, ауруы асқынған адамдар алынатыны атап та өтті. Орталыққа адам өзі жүгінген жағдайда, есепте тұрмаса да, көмек көрсетілетінін атап өтті.



"Егер адам құмарлыққа батпай ойнап жүрген болса, онда біз оны есепке ала алмаймыз. Есепке алу үшін оның тәуелділігі болуы керек және жағымсыз салдар орын алуы қажет. Барлық көмекті көрсету үшін бізде инфрақұрылым да, мамандар да бар. Алайда, адамдар осы бағытта көмек алу үшін мемлекеттік ұйымдарға жүгіне бермейді", - деп атап өтті ҚР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ринат Музафаров.



Р. Музафаровтың айтуынша тәуелділік химиялық және химиялық емес болып екіге бөлінеді. Егер біріншісіне алкоголизм, нашақорлық пен токсикомания кірсе, екінші санатқа лудомания жатады. 



"Лудомания диагнозын қою оңай болғанымен, оны емдеу өте қиын. Мұның бәрі адамның ойынға қанша уақыт бөлгеніне байланысты. Әдетте, адамның өзі бастапқыда тәуелді болып қалғанын білмей қалады. Құмар ойындарға бейімділік бастапқыда жеңіл жолмен пайда табу ниетінде басталып, одан эмоционалды байланып, кейін толығымен тәуелді болып қалады. Көп жағдайда, құмар ойын ойнайтын адам қоғамнан алыстап кетпейінше, туыстары да, достары да қатты дабыл қаға қоймайды", - деді спикер. 



Лудомандар қарызға ақша алып, отбасы мен жақындарын тартып, қарызға белшесінен батып жатады.



"Тәуелділікті оқшаулау арқылы емдеу керек. Жалғыз айырмашылығы, бұл жағдайда нашақорлықпен ауыратын науқастар сияқты химиялық детоксикация қажет емес. Мұнда психо-әлеуметтік оңалту жүргізу қажет. Ең бастысы, адам тәуелділіксіз өмір сүруді үйренуі керек. Яғни, тәуелділіктің орнына ол ары қарай өз өміріне бейімдейтін басқа да жағдайларды ұсыну қажет", - деп қорытындылады Р. Мұзафаров.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #лудомания #Мұзафаров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.