Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Nurlan Kapparov Fellowship панельдік сесс...

Алматыда Nurlan Kapparov Fellowship панельдік сессиясы өтті

Әлеумет 28.06.2024, 09:45 592
Алматыда Nurlan Kapparov Fellowship панельдік сессиясы өтті
Алматы қаласы әкімдігі

Нұрлан Қаппаров атындағы стипендия иегерлері Гарвард мемлекеттік басқару мектебіне қалай түсу керектігін айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматыда Nurlan Kapparov Fellowship панельдік сессиясы өтті. Бұл Гарвардтың Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінде (HKS) беделді білім алу мәселесін қамтуға бағытталған студенттерге, мектеп түлектеріне арналған әлеуметтік-білім беру іс-шарасы. Іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысты.   

HKS магистратура бағдарламаларына түскен Қазақстан мен Орталық Азиядан келген талапкерлер үшін 2003 жылғы түлек, мемлекет қайраткері және бизнесмен Нұрлан Қаппаровты еске алуға арналған стипендия белгіленді. 

«Бүгін Нұрлан өмірден өткеннен кейін бір жылдан соң, 2016 жылы жүзеге асқан Нұрлан Қаппаров атындағы стипендиялық бағдарламаның үлкен тұсаукесері. Осы уақыт ішінде біз Нұрланның өміріндегі жоғары қағидаттарға - адамдарға көмектесу, оларға мүмкіндік беру және өз жолын табу үшін не істеу керектігін ойладық. Стипендиялық бағдарламаның өзі бірегей және Орталық Азиядағы жалғыз бағдарлама. Аталған бағдарламаға Гарвард университетінің өзі қолдау көрсетіп отыр, өйткені Нұрлан Қаппаров осы оқу орнының түлегі әрі құрмет пен қошаметке ие. Бағдарлама барынша ашық, ең үздіктерді Гарвардтың қабылдау комиссиясы таңдайды. Барлығының мүмкіндіктері бірдей. Сіздерге айтарым, қашанда оқуға ұмтылып, жаңа білім алып, тәжірибе жинақтау қажет. Бұлар  өмірде сенімді жүруге көмектеседі», - деді Ерболат Досаев.

Стипендия Қазақстан мен Орталық Азиядан емтихан тапсыруға жіберілген талапкерлер арасында Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін іріктеудің барлық тиісті критерийлеріне жауап беретін және HKS магистратура бағдарламаларының біріне қабылданатындарға конкурстық, бағалау негізінде беріледі.

«Нұрлан білімнің стратегиялық маңызды инвестиция екеніне, оның экономикалық өсуге ықпал ететініне сенді. Нұрлан әрдайым жастарды қолдап, әр бала жақсы, сапалы білім алуға лайық деп есептеді. Сондықтан біз Гарвард Кеннеди мектебінде магистранттарға арналған стипендиялық бағдарлама құруды шештік. Қазір сегіз адам білім алды, енді біз өскелең ұрпақты шабыттандырғымыз келеді, армандаған білімнің шындыққа айналуы мүмкін екенін айтқымыз келеді, сондықтан біз ашық панельдік сессия ұйымдастыруды жөн көрдік», – деді Кеннеди атындағы Гарвард мемлекеттік басқару мектебінде Нұрлан Қаппаров қорының және стипендияның негізін қалаушы Гаухар Қаппарова. 

Әр жылдардағы NK Fellowship лауреаттары дәрістер мен презентациялар өткізді, барлық ниет білдірушілер HKS өкілдерінен жауап ала алды. Сондай-ақ, панельдік сессия қатысушыларына Нұрлан Қаппаровтың өмірі мен оқу тарихын көрсететін ролик ұсынылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нұрлан Қаппаров #Гарвард #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.