AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда «Ноталар саяхаты» атты Түрік өнерпаздарын...

Алматыда «Ноталар саяхаты» атты Түрік өнерпаздарының концерті өтті

Мәдениет 28.02.2024, 09:44 1,559 Almaty-akshamy.kz. 
Алматыда «Ноталар саяхаты» атты Түрік өнерпаздарының концерті өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Астанадағы  Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы «Қазақ концерт» залында «Ноталар саяхаты» атты түрік өнерпаздардың концерті өтті.


Концертте «Домбыра» атты әнімен барша Түркі әлеміне танымал әнші, композитор Арсланбек Сұлтанбеков пен оркестрі өнер көрсетті. Шараға Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мүдеррисоглу қатысып, өнерпаздарды марапаттады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  


Екі бауырлас ел Түркия мен Қазақстанның арасындағы мәдени шаралар басқа салалармен қатар уақыт өткен сайын артып келеді. Ән мен күйдің халықтардың бір –бірін танудағы орны ерекше. Түркі жұртының жарасымдылығы мен сыйластығы Алматыдағы сахна төрінде  де ерекше көрініс тапты. Концертте түрік, қазақ, алтай, ноғай тілдерінде ән мен күйлер орындалды.


Оркестр құрамындағы түрік өнерпаздар  басқа аспаптармен қатар түркі өркениетінің аспабы домбыра және қобызбен де орындалған шығармаларды сүйемелдеді. Түркиядан келген әнші Акдениз Эрбаш  Қадыр Мырзаәлінің сөзіне жазылған Әшірхан Телғозиевтің «Қазақ осы» әнін нақышына келтіре орындап, тыңдарманның зор ықыласына бөленді.



Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының директорының міндетін атқарушы Ph.Dr. Алмагүл Исинаның айтуынша «Ноталардың саяхаты» атты концерт Юнус Эмре институтының ұйымдастыруымен өткен айларда Мажарстанның астанасы Будапешт мен Солтүстік Кипр Түрік республикасында өткен болатын. Ал Алматыдағы концерт  болса, Арсланбек Сұлтанбеков пен оркестрдің үшінші концерті болып табылады.


Кештің қонағы ретінде Қазақстандық этно-фольк «Арқайым» тобының солистері Абзал Арықбаев пен Анар Қасымова қатысып, ұлттық дәстүрдегі және заманауи шығармалар орындады. Талантты домбырашылар Толғанай Хасен мен Айдана Қабылова қазақ күйлерін тыңдаушыға тарту етті.


Концерттің соңында оркестрдің сүйемелдеуімен түрік және қазақ өнерпаздар орындаған Арсланбек Сұлтанбековтың «Домбыра» әні көрермендердің ерекше қошеметіне ие болды.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#НОТАЛАР САЯХАТЫ #өнерпаз #түрік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);