AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда нөсер жауын мен бұршақ жауады деп күтілед...

Алматыда нөсер жауын мен бұршақ жауады деп күтіледі

Әлеумет 17.05.2025, 21:28 816 Bakyt
Алматыда нөсер жауын мен бұршақ жауады деп күтіледі
Сурет: ЖИ көмегімен салынды

Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге ауыстырылды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 17-нен 18 мамырға қараған түні Алматыда ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23…+25°С шамасында болады. 18 мамыр күні сағат 13:00-ден бастап тәулік соңына дейін найзағаймен және бұршақпен бірге қатты нөсер жаңбыр жауады деп болжануда. Жауын-шашын мөлшері 20 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 3–8 м/с, найзағай кезінде екпіні 18–23 м/с дейін жетеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

19 мамырда да ауыспалы бұлтты ауа райы сақталады. Түнде сағат 05:00-ге дейін жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°С, күндіз +20…+22°С. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с.

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге ауыстырылды. Түнгі уақытта 366 арнайы техника бірлігі мен 355 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Ал 18 мамыр күндізгі кезеңде ықтимал су басулардың алдын алу және жою мақсатында 515 техника бірлігі, 27 мотопомпа және 755 жұмысшы қала көшелеріне шығады.

Сонымен қатар, мотопомпалармен және күрек-сыналармен жабдықталған 42 жедел бригада дайындық режимінде жұмыс істейді.

Арық желілері мен жауын суын қабылдайтын тұзақтарды тазалау және бақылау жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде. Қаладағы проблемалық учаскелерде тәулік бойы тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Алматы қаласы құтқару қызметі (ШЖҚ «Алматы қаласының құтқару қызметі» МКК) тарапынан 15 техника бірлігі мен 50 қызметкер, ал ТЖД тарапынан 55 техника бірлігі мен 245 маман кезекшілікке шықты.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ТЖД #Жаңбыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);