AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда NEET санатындағы жастардың қатысуымен под...

Алматыда NEET санатындағы жастардың қатысуымен подкаст іске қосылады

Әлеумет 07.08.2023, 10:25 1,055 Almaty-akshamy.kz. 
Алматыда NEET санатындағы жастардың қатысуымен подкаст іске қосылады
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Халықаралық Жастар күнінде NEET санатындағы жастарға ерекше көңіл бөлінетін болады.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне Жастар саясаты басқармасы мен жастар ұйымдарының өкілдері айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Азиз Кажденбектің айтуынша, жыл сайын 12 тамызда өткізілетін жастар күні мерекесіне орай мәдени-бұқаралық іс-шаралардан басқа, жастардың зияткерлік мүмкіндіктерін, жеке тұлғаның рухани, дене және мәдени дамуын дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу жоспарда.


Осындай бастамалардың бірі ретінде «БазараNeеt» подкасты іске қосылатын болады. Жоба авторларының айтуынша, олар білімі не тұрақты жұмысы жоқ жастарды әңгімеге тартып, олардың мәселелерін түсініп, әртүрлі тақырыптар бойынша пікірлерін тыңдайтын болады.



"Өздеріңіз білетіндей, подкасттар белгілі бір салада жетістікке жеткен адамдардың қатысуымен, олармен сұхбат арқылы жүргізіледі. Біздің подкасттың мақсаты - еңбек адамдарымен, базарда жұмыс істейтін қарапайым қала тұрғындарымен байланыс орнату. Олардың арасында көптеген жастар да бар. Біз олардың қызметі туралы көбірек білгіміз келеді, сонымен қатар олардың мақсаттарын, ойларын тыңдау бізге маңызды. Айта кету керек, қоғамда болып жатқан көптеген оқиғалар туралы ақпарат әрқашан көпшілікке дұрыс жете бермейді. Біздің ойымызша, жас жігіттер мен қыздар базарда таңертеңнен түнге дейін жұмыс істей отырып, әрдайым қажетті ақпарат ала бермейді. Осы подкастты түсіріп, жастармен көзбе көз кездесе отырып, біз оларға мемлекет тарапынан жастарға арналған түрлі мүмкіндіктер мен бағдарламалар туралы айтқымыз келеді", - деді "Jaidarman" РҚБ Алматы қалалық филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов.



Жоба тамыз айының ортасында басталады деп жоспарлануда. Подкастты Jaidarman ойыншылары жүргізеді. Спикер атап өткендей, оларға қарапайым жұмысшылар - сатушы, жүк тасушы және күзетшілерді әңгімеге тарту қиын болмайды.



"Жайдарман ойындары әлеуметтік лифт екені белгілі. Жалпы, біздің талдауымыз бойынша біздің негізгі көрермендеріміз - NEET санатындағы жастар. Жайдарман ойындарында ойнайтын да, қызығатын да өзіміз секілді ауылдың жастары, және олардың саны жылдан жылға артуда. Біз, Жайдарман ойыншылары үшін осы жастармен байланыс орнату маңызды. Осылайша біз ортада байланыстырушы көпір болғымыз келеді, белгілі бір жастар тобын құрып, олармен кері байланыс орнатқымыз келеді. Осы бағытта алғашқы қадамдарды жасап жатырмыз, нәтижесін жақын арада көресіздер", - деп сөз соңында атап өтті ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Подкаст #«БазараNeеt» #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);