AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Наурызбай ауданындағы 20 көшеде жаңа арық...

Алматыда Наурызбай ауданындағы 20 көшеде жаңа арықтар салынады

Барлығы 09.09.2025, 14:06 579 Сұлу
Алматыда Наурызбай ауданындағы 20 көшеде жаңа арықтар салынады
Алматы әкімдігі
Алматының Наурызбай ауданында арық жүйесін дамыту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта ауданның 348 көшесінің 105-інде арық бар, олардың жалпы ұзындығы 108 шақырым. Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімдігі хабарлады.
 
Қарқынды өсіп келе жатқан тұрғын аймақтарды ескере отырып, 2026 жылы 31 шілдеге дейін Экология және қоршаған орта басқармасымен бірлесіп, 20 көшеге жаңа арықтар салу және арық арналарынан өтетін 12 жаяу жүргінші мен көлік өткелін қайта жаңғырту жоспарланған. Бұл жұмыстар су тасқыны қаупін азайтып, жол жабындысын сақтауға, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
 
«Ауданымыз қарқынды дамып келеді. Арық жүйесін жетілдіру – әр тұрғынның жайлылығы мен қауіпсіздігіне қосылған үлес», – дейді аудан әкімдігінің өкілдері.
Тұрғындар да өзгерісті қолдап отыр. 
 
«Жаңа арықтар салынса, су тез ағып кетеді, көшелер таза болады, аулаларға су жиналмайды. Бұл әсіресе, жаңбырлы маусымда өте маңызды», – деді «Қалқаман» шағынауданының тұрғыны Айман.
Ауданның негізгі бөлігін қамтитын жұмыстар қазір «Қалқаман» шағынауданында қолға алынған. 
 
Жаңа арық салынатын көшелер:
1. Аханов көшесі – 769,8 м
2. Нұрмұхамедов көшесі – 566,7 м
3. Тәжібаев көшесі – 688 м
4. Надыров көшесі – 404,3 м
5. Бегайыл көшесі – 421,1 м
6. Айымбетов көшесі – 723,3 м
7. Рымжанов көшесі – 660,2 м
8. Сланов көшесі – 572,6 м
9. Нұршайықов көшесі – 837,9 м
10. Қыран көшесі – 605,7 м
11. Дихан көшесі – 398,4 м
12. Арман көшесі – 1126,1 м
13. Айболит көшесі – 940,5 м
14. Хрищатый көшесі – 575,1 м
15. Бектембай көшесі – 570,5 м
16. Әкімшілік кешен аумағы – 841,8 м
17. Қыдырбеков көшесі – 869,9 м
18. «Қалқаман-2» көшесі – 311,1 м
19. Берел көшесі (Келімбетов көшесінен бастап) – 1124,5 м
20. Сағдиев көшесі – 612,3 м
 
Қайта жаңғыртудан өтетін аумақтар:
1. Құндызды к-сі, 20/2 – 35 м
2. Гроза – Жандосов көшелері қиылысы – 20 м
3. Рысқұлов к-сі, 86–86а – 20 м
4. Айтматов көшесі – 60 м
5. Балбырауын көшесі – 30 м
6. Гроза – Жігер көшелері қиылысы – 10 м
7. Бәйтелі батыр көшесі – 200 м
8. Құралай көшесі, 1 – 50 м
9. Жалын көшесі, 1б – 250 м
10. «Тау Самұрық» СО, 2-учаске – 250 м
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Арық #Арық желісі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);