AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Nauryz Sale» ауқымды мерекелік акциясы ө...

Алматыда «Nauryz Sale» ауқымды мерекелік акциясы өтті

Әлеумет 25.03.2026, 13:03 622
Алматыда «Nauryz Sale» ауқымды мерекелік акциясы өтті

2026 жылы 13–23 наурыз аралығында қала тұрғындары мен қонақтары мегаполистің ірі сауда орындарында 10%-дан 30%-ға дейінгі жеңілдікпен азық-түлік пен түрлі тауарларды сатып алу мүмкіндігіне ие болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» ауқымды мерекелік акциясы өтті. Науқан аясындағы іс-шараларға 500 мыңнан астам адам қатысып, мыңдаған алматылық пен қала қонағы қамтылды.

Бастамаға Magnum, Small, Toi Mart, «Столичный», «Юбилейный» сияқты ірі сауда желілері, сондай-ақ Алматыдағы жетекші сауда ойын-сауық орталықтары — Forum Almaty, Globus, Mega Park, Aport, Almaty Mall, Dostyk Plaza, Moskva, Mart, Sputnik Mall және Maxima қосылды.

Науқан отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы дамытуға және ел бойынша мерекелік көңіл күй қалыптастыруға бағытталған республикалық бағдарлама аясында жүзеге асырылды.

Ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 50-ден астам жарияланым шығып, сауда нысандарындағы 35 LED-экранда акцияға қатысты материалдар көрсетілді.

«Nauryz Sale» акциясы тұтынушылық белсенділіктің артуына ықпал етті: азық-түлік сегментінде тауар айналымы 10–15%-ға, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар сегментінде 7–8%-ға өсті.

Акция қала тұрғындары тарапынан оң бағасын алды. Алматылықтар жеңілдіктің тиімділігін атап өтіп, мерекеге дайындық кезінде айтарлықтай үнемдеу мүмкіндігі болғанын жеткізді. Сондай-ақ мұндай бастамаларды жиі өткізуге қызығушылық білдірді.

Сауда ойын-сауық орталықтарында ұйымдастырылған мәдени-ойын-сауық бағдарламалар мерекелік атмосфераны одан әрі жандандыра түсті. Қонақтар тақырыптық жәрмеңкелерге, концерттерге, ұлттық фотоаймақтарға, интерактивті алаңдарға және шебер сабақтарына қатысып, балалар мен ересектерге арналған түрлі ойын-сауықтарға тартылды. Негізгі іс-шаралар 20–23 наурыз аралығында өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);