ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытынд...

Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды

Әлеумет 12.12.2024, 14:39 467
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Наркостоп» жобасын және жастар саясаты басқармасының жұмысын іске асыру қорытындыларына арналған брифинг өтті, деп хабарлайды...

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Наркостоп» жобасын және жастар саясаты басқармасының жұмысын іске асыру қорытындыларына арналған брифинг өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының жастарды әлеуметтендіру және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Нурсултан Беккайров 2024 жылы «Наркостоп» жобасы жастардың белсенді қатысуы мен серіктестердің қолдауының арқасында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті. Негізгі жетістіктердің қатарында төмендегідей іс-шаралар атқарылды: 
•    150-ден астам іс-шара өткізілді; 
•    есірткіні жарнамалайтын 110 000-нан астам граффити боялды.

«Бұл білім беру мекемелерімен, құқық қорғау органдарымен және медициналық ұйымдармен тығыз жұмыс жасау арқылы мүмкін болды. Жоба нашақорлықтың алдын алуды ғана емес, жастарды әлеуметтік маңызды қызметке тартуды да қамтиды. Біз 3000-нан астам киберволонтерлердің есірткіге қатысты заңсыз мазмұнмен күресуге көмектесетінін мақтан тұтамыз. Бұл жас ұрпақтың қоғамдағы өзгерістерге қалай әсер ететіндігінің мысалы», - деп атап өтті Бекқайров.

«Наркостоп» жобасының кураторы Нуржан Жакупов жоба іс-шараларын іске асыруда жүйелі көзқарастың маңыздылығын атап өтті.

«Наркостоп» жобасымен бірлесіп жұмыс істеу заңсыз контентті тиімді анықтауға және бұғаттауға мүмкіндік береді. Жастар бізге белсенді түрде көмектеседі және бұл нақты нәтиже береді. Жоба айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді:жастар мен ата-аналардың нашақорлық мәселесі туралы хабардарлығын арттыру, тәуекел тобындағы жасөспірімдерді қолдау және олардың өмірін өзгертуге көмектесу, есірткіні насихаттайтын 60 000-нан астам граффитиді жою және 350 интернет-ресурстарды бұғаттау, отбасылық факторлар мен әлеуметтенуге көбірек көңіл бөлу -  бұл ата-аналар мен педагогтерге балаларын жақсы түсінуге және қолдау ортасын құру үшін шаралар қабылдауға көмегі тиді», - деді Н. Жакупов.

Спикерлер алдағы  жоспарларымен де бөлісті. Ата-аналарға балалармен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйретуге және тәуелділіктің алдын алуға бағытталған «Саналы ата-ана» жаңа жобасын іске қосуды қоса алғанда, отбасылық құндылықтар мен алдын алудың әлеуметтік аспектілеріне ерекше назар аударылатын болады.

«Біз «Наркостоп» жобасы Алматы қаласының жастары үшін қауіпсіз болашақты қамтамасыз ете отырып, өсіп, дами беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті брифингке қатысушылар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,343 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.