AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Нариман Төребаевтың жаңа фильмінің түсірі...

Алматыда Нариман Төребаевтың жаңа фильмінің түсірілімі басталды

Мәдениет 17.03.2025, 09:42 793
Алматыда Нариман Төребаевтың жаңа фильмінің түсірілімі басталды
Cурет: Ұлттық киноны қолдау орталығының баспасөз орталығы

Қазақ кино өнерінде есімі елге танымал режиссер және сценарист Нариман Төребаев 13 наурыздан бастап Алматыда "Күндер" атты жаңа фильмінің түсірілімін бастады.

Туынды өлімге әкелетін ауру диагнозы қойылғаннан кейін өмірінің тас-талқаны шыққан қарапайым адам туралы баяндайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Түсірілім жұмыстары сәуір айының ортасына дейін жалғасады. Негізгі локация - Алматы қаласы. Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, сондай-ақ Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілуде. Картина келесі жылдың басында толығымен аяқталып, содан кейін әлемдік фестивальдерге жөнелтіледі.

“Бұл өзін-өзі жоғалтқан жанның трагедиясы. Ол өміріндегі барлық нәрседен айырылып, өзіне жақын адамдардың бәрінен бас тартқан. Өлер алдында ол мұны түсінуге тырысады, бірақ сәтсіздікке ұшырайды. Бұл адам баласының өз бақытын жалған заттарға алмастыруы туралы әңгіме”, - дейді режиссер Нариман Төребаев. 

Картинаның сценарийі бірнеше жыл бұрын жазылған. Төребаев атап өткендей, кез-келген режиссер, тіпті ең радикалды авторлық болсын, өзінің киносын мүмкіндігінше көп адам көргенін қалайды. Сондықтан да ол бұл фильм тек фестивальдарда ғана емес, сонымен қатар прокатқа да шығып, стримингтерде көрсетіледі деп үміттенеді.

Басты рөлде Болат Шанин, ал екінші планда отандық кинематографтың жаңа жұлдыздары - Шұғыла Ешенова ("Шекер. Соңғы мүмкіндік"), Шыңғыс Бейбітұлы ("Жошы хан. Ұлы Ұлыстың әміршісі") және Елжан Тұрыс («Жаужүрек мын бала»). 

“Мен әрқашан өзімді осындай фестивальдық жобаларда сынап көргім келген, мұнда сіз асықпай жұмыс істейсіз, мұнда бизнес емес, шығармашылық бірінші орында. Режиссердің көзқарасы ұнады, оның актермен диалогы бар. Дәл осындай жобаларда актер шыналады, өседі”, - деп атап өтті Бейбітұлы. 

Фильмді түсіруге Төребаевқа оның тұрақты командасы - оператор Айдар Мұсабеков, композитор Ғалымжан Секеев және қоюшы-суретші Алексей Филимонов көмектесуде.

Естеріңізге сала кетсек, Төребаевтың алдыңғы "Ол шайнекті сатып алды" картинасы Қазақстанның киносыншылар Қауымдастығының жыл сайынғы "Сыншылар таңдауы 2024" сыйлығында жеңімпаз атанып, онда ол "Үздік режиссер", "Үздік монтаж" және "Үздік саундтрек" номинацияларында жеңіске жеткен.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Нариман Төребаев #жаңа фильм #түсірілім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);