Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «НАН-FEST» қалалық кәсіби шеберлік байқау...

Алматыда «НАН-FEST» қалалық кәсіби шеберлік байқауы өтті

Әлеумет 18.10.2024, 11:19 1,727
Алматыда «НАН-FEST» қалалық кәсіби шеберлік байқауы өтті
Суреттерді түсірген - Кайрат Қоныспаев
 

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаннан кейін, бұл салаға ерекше назар аударылып, жастардың кәсіби білім алып, жан-жақты дамуына басымдық беріле бастады. Бүгінде Алматы қаласының өзінде жүзден астам техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКББ) ұйымы бар. Олар мемлекеттің тапсырысы бойынша маман даярлап, ел экономикасының дамуына үлес қосуда.

Әлемде 16 қазан күні Халықаралық Нан күні атап өтіледі. Осыған орай, Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Наубайшы шеберлігі» құзыреттілігі бойынша «НАН-FEST» қалалық кәсіби шеберлік байқауы екінші рет ұйымдастырылды. Оған Алматы қаласындағы 6 колледждің 10 студенті, жұмыс берушілер, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Білім басқармасының өкілдері қатысты.

Байқауды Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің басшысы Айнұр Қуанышқызы ашып, нанның маңыздылығы туралы айтты:

– Халқымызда «Нан – астың атасы», «Нан болса, ән де болады» деген тәмсілдер бар. Бұл байқау арқылы жастарға нанға деген құрметті арттырып, еңбектің қадірін үйреткіміз келеді. Жұмысшы мамандығының беделін көтеру – басты мақсатымыз, – деді Айнұр Қуанышқызы.

Алматы мемлекеттік бизнес колледжі «Жас маман» жобасы аясында италиялық құрылғыларды алып, наубайшы мамандарына арналған жабдықтармен жұмыс істеуді жеңілдетті. Байқау үш кезең бойынша өтті, әділқазылар алқасы мен өндіріс озаттары қатысушылардың шеберліктерін бағалады.

«НАН-FEST»-тің Бас жүлдесін «Алматы технологиялық-экономикалық колледжінің» студенті Әлішер Шаймарданов жеңіп алды. Бірінші орынды «Алматы Технологиялық колледжінің» студенті Айқын Ілесбай, екінші орынды «Алматы Экономикалық колледжінің» студенті Алина Алтаева мен Алматы Мемлекеттік Бизнес колледжінің студенті Ильяс Срабай иеленді. Үшінші орынды «Алматы экономикалық колледжінің» студенті Аруна Амангелді мен «Туризм және Қонақжайлылық индустриясы» колледжінің студенті Камила Гурова алды.

Байқаудың мақсаты – нанның қоғам мен адам өміріндегі маңыздылығын көрсету және жұмысшы мамандығының беделін арттыру. Байқау жеңімпаздарының жетістіктері мен озық іс-тәжірибесі басқа оқу орындарында да насихатталады. Ұйымдастырушылар «НАН-FEST» байқауын республикалық деңгейде өткізуді жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #нан #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.