ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Алматыда нан 540 теңгеден сатылуда» - әкімдік түс...

«Алматыда нан 540 теңгеден сатылуда» - әкімдік түсінік берді

Әлеумет 31.01.2023, 13:05 1,372
«Алматыда нан 540 теңгеден сатылуда» - әкімдік түсінік берді
Сурет: Ашық дереккөз
Алматылықтар күніне 160 тонна нан тұтынады

Алматылықтар күніне 160 тонна нан тұтынады


Мегаполис дүкендерінің бірінде бөлке нан 540 теңгеден сатылуда. Видеоны сатып алушылардың бірі әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Видео авторының айтуынша, «Столичный» дүкенінде нан бағасы 505-540 теңге аралығында сатылып жатыр.



«Әлеуметтік желілердегі бейнежазбада көрсетіліп жатқан нанның түрі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кірмейді. Сәйкесінше, жергілікті атқарушы органдар тарапынан оның бағасын реттеуге жатпайды», - деп жауап берді Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасынан.



Ведомство мәліметінше, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы №137 қаулысына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 атауының тізбесіне 1-сұрыпты ұннан қалыпта пісірілетін нан немесе «әлеуметтік нан» деп аталатын нан кіреді. Бүгінде, зауыттардың әлеуметтік нанға белгілеп отырған сату бағасы жеткізу шарттарына байланысты бір бөлкесі үшін 80-100 теңге аралығында. Заңнамамен рұқсат етілген сауда үстемесі (15%) ескеріле отырып, сөредегі бағасы бір бөлке нан үшін 90-110 теңге.


Айта кетейік, алматылықтар күніне 160 тонна нан тұтынады. Аталған қажеттілік «Ақсайнан», «Алматынан», «Рузинан» және тағы басқа зауыттан жеткізу есебінен қамтамасыз етіледі.


Бүгінде аталған наубайханалар толық қуатында жұмыс істеп тұр. Өнімді сату жасасқан шарттар мен қаланың сауда нысандарынан келіп түсетін тапсырыстардың негізінде жүзеге асырылады.



«Сонымен қатар әлеуметтік нанның өзіндік құнын төмендету және негізгі шикізатпен (1 сұрыпты ұнмен) қамтамасыз ету үшін, 2022 жылы басқарма бір тоннасы үшін 90 мың теңгеге сатып алынатын 25,1 мың тонна астықтың жеткізілімін ұйымдастырды. Бұл ұнның бір келісі үшін 135 теңгені құрайтын тұрақты бағасын қамтамасыз етті», - деп хабарлады Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.



Мәлім етілгендей, биыл да ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ қорынан астықтың осындай жеткізілімдерін ұйымдастыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.