Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мың жарымға жуық борышкер балаларына алим...

Алматыда мың жарымға жуық борышкер балаларына алимент төлемеген

Әлеумет 29.01.2024, 09:40 980
Алматыда мың жарымға жуық борышкер балаларына алимент төлемеген

2023 жылы Алматыда сот орындаушыларының орындауында алимент өндіріп алу туралы 22 415 атқарушылық іс жүргізілді. Оның ішінде ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін 159 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері айтты.


Департаменттің басшысы Балаим Кесебаеваның айтуынша, алимент бойынша борышкерлер балаларын асыраудан бас тартып, нақты қаржылық мүмкіндіктері болса да, табыстары мен мүлкін жасырады. 


«Ішкі істер органдарына борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 133 ұсыныс жолданды (ҚР бойынша 1242)», - деп хабарлады спикер.


Сонымен қатар, борышкерлерге қарыздарына байланысты республикадан шығуға 1328 уақытша тыйым салынды.


Сондай-ақ, Департаментте жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру және кәмелетке толмаған балалардың пайдасына алимент өндіріп алу бойынша шаралар қабылдануда.


«Борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіріп алу мүмкін болмайтын жағдайлар бар. Осыған байланысты, біз жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментімен бірлесіп бос орындар жәрмеңкесін (8 жәрмеңке) өткізу арқылы оларды жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылдаймыз, нәтижесінде 780 борышкер жұмысқа орналастырылды», - деп атап өтті Б. Кесебаева.


Алматыда әлеуметтік маңызы бар санаттағы істер бойынша барлығы 23 615 атқарушылық іс жүргізілді, алименттен басқа, бұл жалақы, зейнетақы және жәрдемақы өндіріп алу.


2023 жылы Департамент 230 борышкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасады, 68 әкімшілік қамауға алу қолданылды. Борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 137 ұсыныс жолданды.


Алматы қаласында 24 мемлекеттік және 288 жеке сот орындаушылары жұмыс істейді, олар жыл басынан бері 731 051 атқарушылық іс жүргізді (608 441). Оның едәуір бөлігін, 354 000-нан астам жағдай (354 067) заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алулар құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алимент #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.