AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мұз бен қарды уақтылы тазалаудың жауапкер...

Алматыда мұз бен қарды уақтылы тазалаудың жауапкершілігі ескертілді

Әлеумет 16.02.2026, 15:02 310 yakiya
Алматыда мұз бен қарды уақтылы тазалаудың жауапкершілігі ескертілді
Алматы әкімдігі

Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін басқару ұйымдары шатырларды, маңдайшаларды және ортақ мүлікке жататын өзге де құрылымдарды қар мен мұздан уақытылы тазалауға міндетті. Бұл туралы қалалық Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

Қолданыстағы заңнамаға және ортақ мүлікті күтіп ұстау шығындарын есептеу әдістемесіне сәйкес, кондоминиум нысандарын басқару ұйымдарының, оның ішінде МИБ, ПИК және басқарушы компаниялардың құзыретіне тұрғын үйлер мен оған іргелес аумақтардың тиісті санитарлық әрі техникалық жағдайын қамтамасыз ету жатады.

Міндетті жұмыстар тізбесіне аулаларды күтіп ұстау, қар мен мұзды тазалау, шатырлар мен маңдайшаларды және ортақ мүліктің басқа да құрылымдарын мұз құрсауынан арылту кіреді. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған.

Аталған жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау ерекше маңызға ие. Тазалау барысында қауіпті аумақтар ескерту лентасымен қоршалып, тұрғындар алдын ала хабардар етілуге тиіс. Сондай-ақ барлық жұмыс қауіпсіздік техникасы талаптарына сай жүргізілуі қажет.

Ортақ мүлікті тиісінше күтіп ұстамау, оның ішінде қар мен мұзды уақытылы тазаламау үшін жауапкершілік басқару ұйымының төрағасына немесе қызмет көрсетуші ұйымға жүктеледі. Зиян келтірілген немесе даулы жағдай туындаған шақта тұрғындар өз құқығын заңнамада белгіленген тәртіппен, оның ішінде сот органдарына жүгіну арқылы қорғауға құқылы.

Басқарма өкілдері қыс мезгілінде шатырлар мен аулаларды уақытылы тазалау тұрғын үйлерді күтіп ұстаудың маңызды бөлігі екенін атап өтті. Бұл – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайлардың алдын алудың негізгі шараларының бірі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қауіпсіздік талаптары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);