Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мүлік салығын төлеу бойынша сұрақтарға жа...

Алматыда мүлік салығын төлеу бойынша сұрақтарға жауап берілді

Әлеумет 26.09.2022, 07:16 1,123
Алматыда мүлік салығын төлеу бойынша сұрақтарға жауап берілді
almaty-akshamy.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


- Есептелген салық сомасын қалай тексеруге болады?


- Есептелген салық сомасын сайттағы «алдағы төлемдер» сервисінен тексеруге болады kgd.gov.kz, E-salyq Azamat мобильді қосымшасы, сондай-ақ Homebank банктерінің мобильді қосымшаларында және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салықтар-көлік пен мүлік салығы - ЖСН енгізу).


- Салық берешегін қалай тексеруге болады?


Салық бойынша берешектің бар/жоқ екені туралы мәліметтерді e-Salyq Azamat (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады→Электрондық сервистер→салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу.


20.09.2022 ж. жағдай бойынша қала бойынша 20 311 тұлғаның мүлік салығы бойынша жалпы сомасы 254 млн теңгеге берешегі бар.


- Борышкерлерге қандай шаралар қолданылуда?
Біріншіден, мерзімі өткен әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл алынады.


Екіншіден, борышкерлер банктік қызметтерді ала алмайды, оның ішінде банк шоттарын ашу, ақша аудару, несие алу және т.б.


Үшіншіден, мәжбүрлеп орындату мақсатында берешек сомасы 1 АЕК-тен асатын борышкерлер бойынша материалдар сот орындаушыларына жолданады, олар борышкерлерге, оның ішінде мүлкіне және банк шоттарына тыйым салу, сондай-ақ республикадан тыс жерлерге шығуына шектеу қою шараларын қолданады. Айта кетсек, сот орындаушылар бір мезгілде қарыздың 25 пайызын құрайтын сот шығындарын ұстайды.


Төртіншіден, борышкерлердің жұмыс орындарына хаттар жолданып, Алматы қаласының жергілікті полициясымен және Алматы қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, борышкерлердің мекенжайлары бойынша рейдтер жүргізілуде.


Барлық сұрақтар бойынша салық төлеушілер бірыңғай байланыс орталығына 1414 телефоны бойынша хабарласа алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #салық #Түменбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.