ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мүгедек балаға күтім жасау мерзімін 16 жа...

Алматыда мүгедек балаға күтім жасау мерзімін 16 жастан 18 жасқа дейін ұзарту туралы айтылды

Әлеумет 24.11.2021, 08:00 1,210
Алматыда мүгедек балаға күтім жасау мерзімін 16 жастан 18 жасқа дейін ұзарту туралы айтылды
vmnews.ru
Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Мұрат Мұратбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жәрдемақының жаңа түрін енгізу туралы айтты деп...

Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Мұрат Мұратбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жәрдемақының жаңа түрін енгізу туралы айтты деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар баланы күту кезеңін 18 жасқа дейін ұзарту туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Мұратбаевтың пікірінше, бұл жасына байланысты зейнетақы мен базалық зейнетақы тағайындауға оң әсер етеді.


Заңда мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру көзделеді. Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедек балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға ықпал етеді.



- Бұрын мүгедектігі бар балалар ата-аналары ажырасқан кезде бір мезгілде алимент және мүгедектігі бойынша жәрдемақы ала алатын. Алайда, бір немесе екі ата-ана қайтыс болған жағдайда, бала мүгедектігі бойынша жәрдемақы ғана немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыны алатын. Екі жәрдемақыны бір мезгілде алу бойынша заңды құқық болған жоқ. Осы норманың енгізілуіне байланысты Алматыда ерекше қажеттіліктері бар 290 бала асыраушысынан айырылу бойынша қосымша 12 063 теңгеден 29 500 теңгеге дейін жәрдемақы алу құқығына ие болды, - деп хабарлады Мұрат Мұратбаев.



Сондай-ақ мемлекет мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үйге кезекте тұру құқығын сақтау туралы қамқорлық жасады. Спикер атап өткендей, іс жүзінде отбасылар 10 жылға дейін тұрғын үй кезегінде тұр. Бұрын кәмелетке толған балалар кезекке қайта тұруға мәжбүр болды. Бұл норма елдегі 20 мыңнан астам отбасына баспана кезегін сақтауға мүмкіндік береді деп болжануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.