AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда мопедшілерге бақылау күшейіп, 12 мыңнан а...

Алматыда мопедшілерге бақылау күшейіп, 12 мыңнан астамы тіркеуге тұрып үлгерген

Барлығы 23.04.2025, 11:36 634 dulatbekova
Алматыда мопедшілерге бақылау күшейіп, 12 мыңнан астамы тіркеуге тұрып үлгерген
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

 «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында алматылықтар жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс істеп жатыр.

Әсіресе мопед пен мотокөлік иелері ерекше назарға алынған. 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап оларға қойылатын жаңа ереже күшіне енді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында, Алматыдағы полиция департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек осылай деп хабарлады. 

Салтанат Әзірбектің айтуынша, енді мопед жүргізетіндер тиісті санаттағы жүргізуші куәлігін, мемлекеттік тіркеу нөмірін, техникалық паспорт пен сақтандыру полисін алып, көлігін техникалық байқаудан өткзуі тиіс. 

 «Бұларды заңды орындау үшін ғана емес, адам өмірін аман сақтап қалу үшін де қолға алып отырмыз. Бұл жол апатын азайтып, тәртіпті күшейтуге бағытталған», - деп атап өтті Салтанат Әзірбек. 

Оның айтуынша, түсіндірме жұмысын жүргізіп жатқанымен, заң бұзатындар әлі де азаймай отыр. Соңғы аптада Алматыда осындай 1,5 мыңнан астам заң бұзушылық тіркеліпті.  Оның ішінде мопедін уақытылы тіркемегендер, жүргізуші куәлігі жоқтар, көлікті мас болып жүргізгендер мен басқа да заң бұзғандары да бар.  

Бұлардан бөлек, Алматыда осы мопедшілердің кесірінен 233 жол апаты болып, 243 адам зардап шеккен.  500-ге жуық мопед айып тұрағына қойылған.

 «Жолда абайлап жүрмесе болмайды. Ол мопед, машина деп ешкімді бөлмейді. Сондықтан жол жүру ережесін сақтау – әркімнің азаматтық борышы болуы тиіс», - деп қосты Салтанат Әзірбек.

Дегенмен, заңға бағынған 12 мыңнан астам адам көлік құралын заңдастырып, мемлекеттік тіркеу нөмірін, жүргізуші куәлігін алып, сақтандыру полисін рәсімдеп үлгерген.

«Алматының полициясы әлі де рейдке шығып, түсіндірме жұмысын жүргізіп жатыр. Біздің талап – қатаң, бірақ бәрі заң аясында болмақ. Мақсатымыз – жол қатынасын барынша қауіпсіз қылу», - деп қорытты жиынның соңында Салтанат Әзірбек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қауіпсіз жол #мопедшілер #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);