AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда мопедші полиция қызметкерін қағып кетті

Алматыда мопедші полиция қызметкерін қағып кетті

Оқиға 13.05.2023, 03:57 1,898
Алматыда мопедші полиция қызметкерін қағып кетті
сурет:polisia.kz

Заң бұзған мопедші қашып кетпекші болды.


Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.


Оқиға 12 мамыр күні сағат 16.00 шамасында Алматының Медеу ауданында болды.



«Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысында басына шлем кимеген мопед жүргізушісін байқап қалдық. Тоқтау туралы бұйрықты орындамады. Керісінше, жоғары жылдамдықпен жеке үйлер арасымен қашып кетуге тырысты.


Бұдан бөлек, ол жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндірді. Қуыс көшеде мопедті жаяу қуа бастадым. Мопедші артқа бұрылып, маған қарай әдейі жүрді. Соқтығысудан қашып құтылу мүмкін болмады. Мен құладым. Ал мопедші басқару тетігіне ие бола алмай, кедергіге соқтығысты. Содан кейін ол ұсталды», - деді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция полкінің инспекторы Жәнібек Оразбаев.



Мопедші курьерлік компаниялардың бірінің 23 жастағы қызметшісі болып шықты.



«Зардап шеккен полицей ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы және полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбау деректері тіркелді. Мопед жүргізушісі ҚР заңнамасына сай жауапкершілікке тартылатын болады», - делінген мәліметте.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Мопед #Жол-көлік оқиғасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);