AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мопед, электросамокат, монодөңгелектердің...

Алматыда мопед, электросамокат, монодөңгелектердің жүру тәртібіне қатысты шаралар қабылданбақ - полиция

Әлеумет 23.06.2022, 03:20 1,391
Алматыда мопед, электросамокат, монодөңгелектердің жүру тәртібіне қатысты шаралар қабылданбақ - полиция
Сурет: Tengrinews.kz

Алматыда жеке мобильділік құралдарының қатысуымен жол апаттары артып келеді


Алматыда мопед, электросамокат, монодөңгелек секілді көлік құралдарының қатысуымен жол апаттары артып отыр. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



«Алматы қаласында жеке мобильділік құралдары, яғни, мопед, электросамокат, монодөңгелек секілді көлік құралдарының қатысуымен жол апаттары артып келеді. Себебі, олардың қозғалысын бақылап отырған ешкім жоқ, бұл құралдарды басқарушыларға ешқандай шектеулер жоқ, яғни, олардың жүргізушілері қайда жүргісі келсе жүре береді. Осыған орай, алдағы уақытта Алматыда көліктің осы түрлерінің жүру тәртібі, олардың жүргізушілерін әкімшілікке жауапқа тарту туралы шаралар қабылданатын болады», - деді Нұрлан Аманбек.



Оның айтуынша, қалада адам өліміне әкелетін жол апаттары түнгі уақытта көп болады.



«Бұл уақытта көлік кептелістері жоқ, кейбір жүргізушілер мас күйінде көлік жүргізеді және түнгі уақытта адамның көру қабілеті нашарлайды. Яғни, жүргізуші түнде көлігімен маневр жасаған кезде, жанындағы көлікті байқамай, жол апатын жасайды. Ал түнгі уақытта болатын жол апаттарының негізгі себеп-салдары - көлікті аса жоғары жылдамдықпен жүргізу, қарама қарсы бағытқа шығып кету болып табылады. Күндізгі уақытта да жол апаттары болады. Бірақ, ол кезде адамдардың зардап шегуі аз», - деді полицей.



Сондай-ақ ол Алматыда бүгінгі күні ресми түрде 550 мыңнан астам авкөлік тіркелгенін, одан бөлек 300 мыңға жуық автокөлік бейнекамералармен бақыланатынын, яғни, қалада күнделікті 900 мыңдай автокөліктің қозғалысы болатынын атап өтті.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мопед #электросамокат #монодөңгелек #көлік құралдары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);