ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда мобильді экопатрульдер жұмыс істейді

Алматыда мобильді экопатрульдер жұмыс істейді

Заң мен тəртіп 03.04.2025, 09:20 720
Алматыда мобильді экопатрульдер жұмыс істейді
Сурет: Polisia.kz
Алматыда жыл басынан бері экологиялық нормаларды бұзу бойынша 7700-ден астам дерек анықталды.

Алматыда жыл басынан бері экологиялық нормаларды бұзу бойынша 7700-ден астам дерек анықталды.

Сонымен қатар Алматыда 19 жаңа үлгідегі стационарлық табиғатты қорғау бекеті жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл бекеттерде патрульдік полиция полкінің инспекторлары мен экологтар арнайы құрылғылар арқылы көліктерден шыққан түтін деңгейін бақылайды. Стационарлық бекеттерден бөлек, өткен жылдан бастап қалада нақты уақыт режимінде көліктердің шығарындыларын бақылайтын жылжымалы экопатрульдер жұмыс істейді. Бұл патрульдер тек бекеттерде ғана емес, көлік ағынында да тәртіп бұзушыларды анықтап, жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. 

- Экопатрульдердің жұмысы қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Біз ауаның ластануын азайту мақсатында шығарындыларды бақылауды күшейттік. Біздің міндетіміз – заң бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сондай-ақ жүргізушілерде қала экологиясына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев. 

Шумаевтың айтуынша, жыл басынан бері табиғатты қорғау бекеттері мен экологиялық патрульдерде 7 704 заң бұзушылық анықталды. Сонымен қатар 2025 жылдың 13 наурызындағы жағдай бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілгенін атап өтті: енді зиянды шығарындылар нормаларын бұзу ескертумен шектелмейді, оған 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.