ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мобильді аударымдар мәселелері түсіндіріл...

Алматыда мобильді аударымдар мәселелері түсіндірілді

Әлеумет 28.12.2021, 07:44 979
Алматыда мобильді аударымдар мәселелері түсіндірілді
almaty-akshamy.kz
Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Орынкүл Қазиева Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-баспасөз конференциясы барысында мобильдік аударымдар мен төлемдерге...

Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Орынкүл Қазиева Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-баспасөз конференциясы барысында мобильдік аударымдар мен төлемдерге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Айта кетсек, желтоқсан айында ҚР-да «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске (салық кодексі) түзетулер қабылданды. Орынкүл Қазиева 2022 жылдың 1 наурызынан бастап ел мен мегаполис тұрғындарына қандай өзгерістер әсер ететінін айтты.


Алматы МКД өкілі елімізде шағын және орта бизнес соңғы жылдары кәсіпкерлік қызметте жеке тұлғалар арасындағы транзакцияларға арналған жедел мобильді аударымдарды жаппай пайдалана бастағанын атап өтті. Сондықтан да осы мәселені заңнамалық реттеу үшін «Мобильдік төлемдер» және «мобильдік аударымдар» ұғымдары айқындалды.


Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары атап өткендей, мобильді төлемдерді фискализациялау кез-келген адам үшін жаңа салықтың пайда болуын білдірмейді, тек бизнестің қолданыстағы заңнамада қарастырылған салық міндеттемелерін орындауына бағытталған.



«Жалпы, мобильдік аударымдарды пайдалануға қатысты салық заңнамасына енгізілген түзетулер жеке тұлғалардың мобильдік төлемдерден жеке аударымдарын кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асырылатын мобильдік төлемдерден бөлуге арналған. Олар бизнес-қоғамдастықпен және банктермен бірнеше рет талқыланды», - деді Орынкүл Қазиева.



Ол аталған бастамалардың мақсаты цифрлық кеңістікте бизнесті одан әрі дамыту болып табылатынын және қолма-қол есеп айырысуға көшу мақсаттарын көздемейтінін атап өтті. Ал мемлекеттік кірістер органдарына деректерді беруге қатысты барлық алаңдаушылықтар да негізсіз.


Банктерден мәліметтер алу кәсіпкерлік шоттарға түсетін төлемдер бойынша ғана жүргізілетін болады.  Осылайша, жеке аударымдарға салық салынбайды.


Мобильдік төлемдерге қатысты нормалар 2022 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді.


Кәсіпкерлік қызмет белгілері бар мобильді  төлемдер бойынша деректермен алмасу тек 2025 жылдан бастап жоспарланады.


Орынкүл Қазиева екінші деңгейлі банктер мен мемлекеттік органдар арасында жасалған мобильдік аударымдар туралы ақпарат алмасу қалай жүретінін түсіндірді. Біріншіден, дара кәсіпкерлер бойынша мобильдік төлемдер жөніндегі мәліметтерді екінші деңгейдегі банктер Мемлекеттік кіріс органдарына: ай сайын, E-salyk Business салық режимін қолданатындар бойынша, сондай-ақ қызметті басқа салық режимдерінде жүзеге асырған кезде және осындай мәліметтерді беруге келісім берген кезде; жылына бір рет барлық дара кәсіпкерлер бойынша (пост-терминалдар бойынша мәліметтерді беруге ұқсас, қолданыстағы норма) беретін болады.



Кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларға қатысты МКК және екінші деңгейдегі банктер арасында ақпарат алмасу ҚР Ұлттық банкімен, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп әзірлеу жоспарланып отырған критерийлерге сәйкес жүзеге асырылатын болады. (мысалы - бір адамның қатарынан үш күнтізбелік ай ішінде ай сайын 80-100 адамнан көптеген аударымдарды алуы).



Өлшемдерді бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актінің жобасы жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылатын болады. Бұдан басқа, мәліметтер алмасу жүргізілетін тұлғалар санаттары жеке тұлғалардың жалпыға бірдей декларациялауға кіруіне ұқсас кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,306 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.